Warcraft III: Reign of Chaos
Warcraft III: Reign of Chaos | |
---|---|
Жасаушы | Blizzard Entertainment |
Баспагер | Blizzard Entertainment |
Серия бөлімі | Warcraft |
Шығарылған күні |
шілде 2002 |
Жанр | стратегия |
Платформалар | Windows, Mac OS, Mac OS X |
Ойын режимдері | бір ойыншы, екі ойыншы |
Басқару құрылғылары | пернетақта, тышқан |
Warcraft III: Reign of Chaos - Blizzard Entertaiment компаниясы дамытқан RPG элементтері бар нақты уақыттағы стратегия жанрындағы компьютер ойыны. Ойын алғаш сатылымға 2002 жылы шықты. Ойыншылар қауымдастығында Warcraft III: Reign of Chaos сол кездегі ең көп күтілген ойын болды. Сатылым ашылғанға дейін 4,5 млн алдын ала тапсырыс, және 1 млн-нан асатын ойынның көшірмелері бір айдан кем уақытта сатылды. Осы көрсеткіштер арқылы Warcraft III: Reign of Chaos осы жылдың ең көп сатылған ойыны болды.
Бұдан алдыңғы серия ойындарынын айырмашылығы расалардың саны төртке дейін өсті. Ендігі өліктер және түнгі эльфтер деген расалар қосылды.
Ойынмен бірге карталардың редакторы World Editor бар. World Editor арқылы ойнның өзінің карталарын өзгертіп немесе карталарды өзіне де жасауға болады. Ең әйгілі карталардың бірі DotA: Allstars болды. Бір жылдан кейін Warcraft III: Reign of Chaos-қа The Frozen Throne деген үстеме шықты.