Мазмұнға өту

The New York Times

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
The New York Times
ағылш. The New York Times
Нью-Йорк Daily Times басылымының бірінші саны 1851 жылы 18 қыркүйекте
Нью-Йорк Daily Times басылымының бірінші саны 1851 жылы 18 қыркүйекте
Түрі

күнделікті газет
интернет–басылым
онлайн–мәліметтер базасы және медиа–компания

Форматы

кеңформаты

Иесі

The New York Times Company

Баспашы

Артур Сульцбергер

Редакторы

Джозеф Кан

Бас редакторы

Дин Баке

Құрылған жылы

18 қыркүйек 1851 жыл

Саяси тиістілік

Солцентризм

Тілі

Ағылшын тілі

Мерзімділік

$ 1 доллар (дүйсенбі - сенбі)
$ 3,5 доллар (жексенбі)
$ 3.5 / 5 доллар (арнайы басылымдар)

Бас кеңсесі

Нью-Йорк Таймс Билдинг, Нью-Йорк, АҚШ

Тиражы

Күніне 571 500
1 087 500 жексенбі
2 900 000 digital-only

ISSN

0362-4331


https://www.nytimes.com/

«The New York Times» (немесе NYT, қаз. Нью-Йорк таймсНью-Йорк шақтары) — күнделікті АҚШ басылымы. Танымалдығы жөнінен Америкада үшінші орында тұр («The Wall Street Journal» мен «USA Today-ден» кейінгі). Нью-Йорк қаласында 1851 жылдың 18 қыркүйегінде негізі қаланып, сол уақыттан бері үзіліссіз басылып келеді. 112 рет Пулецеровский премиясын ұтып алды.

Оның вебсайты Америкадағы ең таңымал сайттардың бірі, ал ұлттық газеттердің арасында бірінші орынды алып отыр - ай сайынғы келермендер саны 30 миллионнан асады.

Газет басылымының нұсқасы ең үлкен жергілікті астаналық басылым, ал көлемі жағынан Құрама Штаттардағы The Wall Street Journal мен USA Today-ден кейінгі үшінші орынды алады. The Times газетінің лақап аты "сұр ханым" ұзақ уақыт "есептеме газеті" болып саналып келді. Ол International Herald Tribune мен басқа да 18 газет сияқты Нью-Йорк компаниясына тиесілі. Компанияның төрағасы Артур Окс Сульцбергер, оның отбасы газетті 1896 жылдан бері басқарып келеді.

Газеттің ұраны - "Жаңалықтың барлығы да басылып шығарылуға лайықты" - алғашқы беттің үстінгі сол жақ бұрышында басылады. Вебсайты "Жаңалықтың барлығы да шертуге арналған" деп дағдыландырылған. Ол бірнеше бөлімдерге бөлінген: жаңалықтар, пікірлер, бизнес, өнер, ғылым, спорт, стиль, үй іші және ерекшеліктер. The New York Times көптеген газеттер алты бағанаға көшкеннен кейін де бірнеше жыл газеттің сегіз бағанасын сақтады, және ең соңғылардың бірі болып түрлі-түсті фотосуреттерді қолданды.

1851 жылдың 18 қыркүйегінде журналист және политик Генри Джарвис Рэймонд пен кезінде банкир болған Джордж Джонсо басында New-York Daily Times деп аталған The New York Times газетінің негізін қалады. Бір пенниге сатылған алғашқы басылым әртүрлі көзқаратар, мақсаттар мен мүдделерге арналды:

     Біз қоғамға пайда әкеледі деген жағдайда консерватор боламыз; және біздің ойымызша радикалдық реформалар мен радикалдық  
    өңдеу талап етілген жағдайда радикал боламыз. Біз қоғамда барлығы да не жақсы, не жаман деп ойламаймыз; біз жақсыны сақтап 
    қалып, оны жақсартқымыз келеді; жаманды жойғымыз немесе өзгерткіміз келеді. 

Басылым саны (2005 жылы) 1 млн 131 мың дана жай күндері, 1 млн 681 мың дана жексенбілік шығарылымды құраған. Дүние жүзіне таралады.The New York Times америка газеттерінің басым бөлігі сияқты аймақтық басылым ретінде шыға бастады. Алайда басылымның аймақтық концепциясы оның әлемдік деңгейдегі ықпалды газеттердің біріне айналуына еш кедергі бола алмады.

1896 жылдан бері The New York Times-тің иесі Сульцбергерлер отбасы. Қазіргі таңда Сульцбергерлер отбасына Б класты акцияның 88%-ы тиесілі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]