Samsung Galaxy S8
Samsung Galaxy S8 | |
Бастапқы бағасы |
274 950 / 299 950 теңге |
---|---|
Сату датасы |
21 сәуір 2017 (АҚШ, Корея)/ 28 сәуір (Ресей) |
Байланысты үлгілер | |
Тип | |
Формфактор |
Моноблок |
Көлемі |
Samsung Galaxy S8+ - 159,5 х 73,4 х 8,1 мм |
Салмағы |
152 / 173 грамм |
Операциялық жүйе | |
Орталық процессор |
әр қайсысы 10нм техпроцесспен сегіз ядро |
Графикалық процессор |
Mali G71 MP20/Adreno 540 |
Оперативтік зерде |
4 ГБ |
Жады |
64 ГБ |
Карта жадысы |
256 ГБ дейін microSD жад карталарын қолдау |
Аккумулятор |
3000/3500mAh |
Экран |
5.8" / 6.2" Quad HD+ sAMOLED (2960x1440)+ сертификация Mobile HDR Premium |
SAR |
1.25 W/kg |
Сілтеме | |
Samsung Galaxy S8 (SM — G950F / SM — G955F) — Galaxy S смартфон желісінің сегізінші буыны,[1]Samsung Electronics компаниясы 29 наурызда, 2017 жылғы Нью-Йоркте Galaxy Unpacked 2017-де ұсынған.
Модель кеңейтілген экран болуымен, "үй" түймесінің болмауымен және оны ауыстыра отырып, компания "көрінібейтін түйме" (ол шыны астында, діріл іспеттес тактілік сезім туғызады, iPhone 7 сиақты), көз нұрлы қабықшасының сканерімен, тұлғаларды тануы технологиясымен, "үй" түймесінің болмауына байланысты артқы қақпаққа камера жанына көшкен саусақ сканерімен, шаң мен IP68 стандарт бойынша дымқылданудан қорғану технологиясымен ерекшеленед, демек, смартфон су астында 30 минутқа дейін, тереңдігі 1,5 метрге дейін болуы мүмкін. Сондай-ақ, жылдам сымсыз зарядтауы бар. АФ бар Dual Pixel 12 МП OIS (F1.7) + 8 МП (F1.7) кәсіби айналы камера технологиясы. Металл және 3D — шыны, екі (алдыңғы және артқы) жағынан иілген. Сондай-ақ, Bixby атты жаңа дауыстық, зияткерлік ассистентпенжабдықталған.
Техникалық деректері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аппараттық қамтамасыз ету
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Samsung Galaxy S (серия)
Смартфонда 64-битті сегіз ядролы Exynos процессорымен 8895V (еуропалық нұсқасында) бар. Солтүстік Америка нұсқасында сегіз ядролы 64-биттік Qualcomm Snapdragon 835 процессоры орнатылған, сондай-ақ 10 нм техпроцессінде орындалған. Графикалық процессорі ретінде Mali-G71 MP20 (еуропалық нұсқасында) және Adreno 540 (солтүстік американдық нұсқасы) орнатылған. Жедел жады: 4 ГБ (LPDDR4); ішкі жады 64 ГБ (UFS 2.1). 256 ГБ-қа дейін microSD-ді қолдайды. Сондай-ақ, бұрынғы моделіндегідей әмбебап слоты бар: SIM+SIM немесе SIM+microSD. Сымсыз байланыс: 802.11 a/b/g/n/ac 2.4 G+5GHz, VHT80 MU-MIMO,Bluetooth®v5.0 (LE 2Mbps-қа дейін),ANT+,USB Type C,NFC, GPS, GLONASS,Beidou. Батарея сыйымдылығы Galaxy S8 3000 мАс, Galaxy S8+ — 3500 мАс. Екі моделі де сымсыз зарядтауды қолдайды. Алдыңғы камерасы ретінде 12 мегапиксельді модуль пайдаланылады, объектив, диафрагмасы f/1,7 пиксель мөлшері 1,4 мкм, фазалық автофокус Dual Pixel технологиясымен және оптикалық тұрақтандырумен жабдықталған. Фронтальды камерасы 8 мегапиксельді сурет түсіруге рұқсат етеді. Смартфон габариттері: 148,9 х 68,1 х 8 мм - Galaxy S8, 159,5 х 73,4 х 8,1 мм - Galaxy S8 Plus. Салмағы: 152 г - Galaxy S8, 173 - Galaxy S8 Plus
Гаджеттерде, Super AMOLED технологиясы бойынша орындалған ажыратымдылығы 1440x2960 пиксель және тараптарының ара қатынасы, алдыңғы модельдер сиақты 16:9 емес, 18,5:9 дисплей пайдаланылад. Смартфон дисплейі S8 үшін 570 ppi (дюймге пиксельдер) және S8+ үшін 529 ppi тығыздығы көрсеткішіне ие.
Бағдарламалық қамтамасыз ету
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Операциялық жүйесі Android 7.0 Nougat, интерфейсі Samsung Experience[2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ rozetka.com.ua. Флагманы Samsung Galaxy S8 и S8 Plus представлены официально, Rozetka (29 наурыз 2017). Тексерілді 3 сәуірдің 2017.
- ↑ Прощание с TouchWiz? Встреча с Samsung Experience! (ru-RU). androidinsider.ru. Тексерілді, 19 мамыр 2017.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми сайты
- Шолу: 10 басты фактілері туралы Samsung Galaxy S8.
- Samsung Galaxy S8 мен Galaxy S8 Plus ұсынылған Ресей