Мазмұнға өту

Moon River

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

«Moon River» (ағылш. Ай өзені) — Тиффанидегі таңғы ас фильмінде Одри Хепбёрн орындайтын ән. Ол 1961 жылдың Үздік фильм әні үшін Оскар сыйлығын және 1962 жылдың екі «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған. Музыкасын Генри Манчини, мәтінін Джонни Мёрсер жазған.

1960 жылдың 8 желтоқсанында шыққан Breakfast at Tiffany's: Music from the Motion Picture альбомында бұл әнді оркестр мен хор орындайды (Хепбёрннің вокалынсыз).[1]

1961 жылы Дэнни Уильямс орындауында бұл ән Ұлыбританияның рождестволық #1 синглі атанды.

1999 жылы сингл «Грэмми» сыйлығының даңқ залына енгізілді.

2004 жылы Америкалық кино институты бұл әнді өзінің «100 жыл... 100 ән» тізіміне енгізіп, оны фильмдерде ойнайтын әйгілі әндердің ішінде төртінші орынға орналастырды.

Джонни Мёрсердің туған қаласы Саваннада теңіз айлақтарының біріне Moon River атауы берілді.[2]

Көптеген әншілер бұл әннің өз кавер-нұсқаларын шығарған. Олардың арасында Фрэнк Синатра, Луи Армстронг, Сара Брайтман, Джуди Гарленд, Барбра Стрейзанд, Элтон Джон, Андреа Росс, т.б. бар. Бірақ көбінесе Одри Хепбёрннің сыпайы және әуенді нұсқасы үздік деп танылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Henry Mancini – Breakfast At Tiffany's (Music From The Motion Picture Score)
  2. Lifespan Memory for Popular Songs — The American Journal of Psychology, қыркүйек 1980.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]