Meyer Werft
Meyer Werft | |
Түрі |
акционерлік қоғам |
---|---|
Қызметі |
кеме құрылыс |
Құрылды | |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Бернард Мейер |
Саласы |
кеме құрылыс |
Өнімі |
круизді кемелер |
Қызметкерлер саны |
2300 жуық |
Сайты |
Meyer Werft — Германияда орналасқан кеме соғу верфі. Штаб-пәтері немістің Папенбург қаласында орналасқан.
1997 жылдан бері Neptun Werft верфімен жұмыс істеп келеді. Компания Meyer Neptun Group тобының мүшесі.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргетасы 1795 жылы ағаш кемелер соғу үшін қаланған. 1874 жылдан бастап корпусы темірден жасалған кемелер шығара бастаған.[1]
1920 жылға дейін Папенбург маңында 20-ға жуық верфтер болған. Қазір тек Meyer Werft компаниясы қалған.
Компания жайлы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Компания круизді кемелер, паромдар, танкерлер, контейнер тасушы кемелер, малға арналған көліктер, өзендегі круизді кемелер шығарады.
Meyer Werft әлемдегі үлкен және қазіргі заманға сай технологиямен жабдықталған, 2300-ге жуық жұмысшылары бар компаниялардың бірі. Әлемдегі ең үлкен төбесі жабылған құрғақ докы бар. Ол 1987 жылы соғылған, ұзындығы 370 м., ені 101,5 м. және биіктігі 60 м. 2000 ж. тағы екінші жабық құрғақ док соғылады. Оның ұзындығы 504 м., ені 125 м. және биіктігі 75 м. Соның нәтижесінде компания жылына үш круизді кеме шығара алатын болды.[2]
Meyer Werft Celebrity Cruises, Norwegian Cruise Line және Royal Caribbean International сияқты компанияларға бірнеше кемелер соғып берген.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Meyer Werft Website, "Triton" Мұрағатталған 8 ақпанның 2012 жылы.
- ↑ Meyer Werft baut größte Dockhalle der Welt. Spiegelonline (18 қаңтар 2008). Тексерілді, 25 маусым 2009.