I Хұсрау Ануширван
I Хұсрау Ануширван (сөзбе-сөз өлмес жанды) (т. ж. б. — 579) — Ирандағы Сасани әулетінен шыққан патша (531—579). Билік басына маздақтар қозғалысын басып-жаныштаған соң келді. Әкесі Кавад Қ бастаған реформаларды аяғына жеткізіп, мөлшерлі жер салығын (хараг) және жан басы салығын енгізді, мемлекеттің жоғарғы шенді лауазым иелері мен аймақ билеушілерінің өкімет билігін шектеді, мемлекеттік аппаратты қайта құрды. Бұл реформаларды жүзеге асыру патша билігін онан әрі нығайтты. Соның нәтижесінде Хосров Қ тұрақты әскер мен патшаға толық тәуелді болған ақсүйектердің жаңа ұрпағын қалыптастырды. Сыртқы саясатта да белсенді әрекет етіп, 540 — 570 ж. Византиямен соғыстар жүргізді. Шамамен 570 ж. Византияның одақтасы Эфиопиядан Йеменді тартып алды. Шығыс бағытта 560—570 ж. ақ ғұндар — эфталиттерді талқандады[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |