38-атқыштар дивизиясы
38-атқыштар дивизиясы (Жетпіс үшінші гвардиялық дивизия) – 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Алматыда жасақталған әскери құрама.
- 1942 ж. наурыз – 28-армияның құрамында Оңт.-батыс майданға аттанды .
- 1942 ж. 12 мамыр күні Харьков облысының Волчанский ауданында алғаш рет жаумен шайқасты.
- 1942 ж. 31 шілдеде О. с. а. д. бөлімдері (командирі ген.-майор Ғ.Сафиуллин) Сталинград бекіністерінің сыртқы қорғаныс шебіне орналасты. 21 тамызда дивизия бөлімдері жау қоршауында ауыр ұрыстар жүргізе отырып, 28 тамызда қоршауды бұзып шықты да 64-армияға қосылды. Қыркүйек пен қарашаның басында дивизия бөлімдері Сталинградты оңт.-батыс жағынан табандылықпен қорғады.
- 1943 ж. 10 қаңтар – 2 ақпан аралығында О. с. а. д. Сталинград түбінде қоршауға алынған жауды толық жою жолындағы ұрыс қимылдарына қатынасты. *Сталинград түбіндегі қиян-кескі шайқастарда асқан ерлігі мен ұйымшылдығы үшін дивизия КСРО Қорғаныс Халық Комиссарының 1943 ж. 1 наурыздағы бұйрығы бойынша 73-гв. дивизия болып құрылды. Кейін бұл дивизия (командирі ген.-майор С.А. Козак) Воронеж майданындағы 57-армияның құрамында неміс-фашист басқыншыларының 1943 жылғы жазғы шабуылын тойтарудағы ұрыстарға қатысты. Белгородты, кейінірек Харьков, Красноград қ-ларын азат етті.
- 1944 ж. Кеңес Армиясының шабуылдарында ол Оңт. Украина мен Молдавияны, Югославияның астанасы Белградты азат етіп, Венгрияның Балатон к-нің оңт-нде кескілескен ұрыстар (1945 ж. наурыз) жүргізді. Дивизия өзінің жауынгерлік жорығын Австрияның Альпі тауларында жеңіспен аяқтады.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]73-гв. атқыштар дивизиясы 16 рет Жоғ. Бас қолбасшының алғысын алды, Белградты азат етудегі ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды. Дивизияға жергілікті халықтың тілегі бойынша сталинградтық және дунайлық деген қосымша атақ берілді, оның 36 жауынгері мен командирі Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Козак 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры және Югославияның Халық Батыры атағымен марапатталды. О. с. а. д. соғыстан кейін 1946 ж. 5 маусымда таратылды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сафиуллин Г.Б., Через реки, через горы.., Казань, 1973; 73-я гвардейская // Сб. воспоминаний, документов и материалов о боевом пути 73-й гвардейской стрелковой Сталинградско-Дунайской Краснознаменной дивизии, А.-А., 1986.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |