Әбу Суфйан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Әбу Суфйан
араб.: أبو سفيان
Туған күні:

560 (0560)

Қайтыс болған уақыты:

650 (0650)

Қайтыс болған жері:

Медине

Жұмыс орны:

Медине, ірі саудагер

Әбу Суфьян (араб.: أبو سفيان‎  560-650, Медине) - меккелік ірі саудагер, құрайыш тайпасы көсемдерінің бірі. Мұхаммед пайғамбарға, ислам дініне қарсы шығып, көп кедергілер келтірген. Кейін Мәдинада Мұхаммед билігі күшейіп, ислам дінінің кең тарала бастағанына көзі жеткен Әбу Суфьян Мұхаммедпен жарасқан. Мекке жұрты Әбу Суфьян көмегімен ұрыссыз мұсылмандарға бас иді. Осман халиф тұсында Әбу Суфьянның ұлы Муауия Шам (Сирия) әмірі болып тағайындалады. Кейін Әли Әбу тәліп (Әзірет Әлі) қайтыс болған соң, билікті қолға алған Муауия омеялықтар әулеті билігінің негізін қалады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1