Мазмұнға өту

Ұлттық тіл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ұлттық Тіл, ұлттык тіл орыс. национальный язык — ауызекі және жазба түрде ұлттык қарым-қатынас кұралы кызметін аткаратын тарихи-әлеуметтік категория. Ұлттық Тіл ұлтпен бірге калыптасады, әрі онын пайда болуының алғы шарты, әрі өзі де сол процестін нәтижесі болып табылады. Капитализм коғамы кезінде буржуазиялыкұлттардың калыптасуында тіл бірлігі экономикалык, территориялык, мәдени бірліктермен бірге аса кажетті негізгі шарттардың бірі болған. Әрбір Ұлттық Тіл өзіне тән дербес жолмен дамып калыптасады.

Тіл білімінде Ұлттық Тілдердін үш түрлі негізден туатыны көрсетілген:

  1. тілдік белгілері бірынғай, кұрылымында айырмашылык жоқ бір диалект негізінде;
  2. бірнеше диалектінін шоғырланып бірігуі негізінде;
  3. диалектілердің ауыса отырып, өзара шоғырлануы негізінде. Қазақ Ұлттық Тілінің халықтық тегінде осы айтылғандардың екінші түрі, яғни қазақ жеріндегі өзара туыс бірнеше диалектінін шоғырланып бірігуі жаткан сияқты. Ұлттық Тілдің кұрылымдық негізі онын халық тілі болып калыптаскан дәуірінде салынады. Ұлттық Тіл өзінін ішкі кұрылымы жағынан халық тілінін мұрагері болып табылады. Бірак Ұлттық Тіл айтылуы, қолданылуы әбден тұрақталған сөздер мен формаларды халық тілінен дайын қалпында қабылдаған деңгейде калмайды. Ұлттық дәуір талабына сай Ұлттық Тіл деңгейі де онан әрі дамып жетіліп отырады.

Ұлттық Тіл өте кең ұғым, өзінің кұрамы жағынан бірынғай емес: оған бүкіл ұлтқа кызмет ететін баспасөз тілі — әдеби тіл де, ауызекі сөйлеу тілі де, жеке аймақтарға тән жергілікті диалектілер мен говорлар да, кәсіби мамандыққа тән сөздер де, жекелеген әлеуметтік топтарға тән жаргондар да кіреді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9