Құттыгерей Дүйсеев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Құттыгерей Дүйсеев
Сурет
Негізгі ақпарат
Туған күні

26 ақпан 1959 (1959-02-26) (65 жас)

Туған жері

Чапаев ауылы, Махамбет ауданы, Гурьев облысы

Мемлекет

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Мамандықтары

күйші, домбырашы

Марапаттары
Қазақстанның мәдениет қайраткері белгісі

Құттыгерей Дүйсеев (26 ақпан 1959, Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Чапаев ауылы) — күйші-домбырашы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.

Құттыгерей Дүйсеев 26 ақпан 1959 жылы Чапаев ауылында дүниеге келген, Махамбет ауданы, Гурьев облысы. Руы Есентемір, бөлімі Көн Бессары, Кіші Жүз.

1966-1974 жылдары Чапаев ауылында төрт класс, Таңдай ауылында 8-ші класс бітірген.

1974-1978 жылдары Дина Нұрпейісова атындағы Гурьев музыкалық училищесінде, ұлттық аспаптар бөлімінде оқыды. Училищеде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚР Еңбек сіңірген педагогы Ғизат Адепқалиевтан дәріс алған.

1978-1979 жылдары Сарайшық кәсіптік-техникалық училищесінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған.

1979-1984 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясына, Ұлттық аспаптар бөліміне оқуға түсті. Домбыра мамандығы бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстанның Халық артисі Қаршыға Ахмедияровтан білім алып, үздік бітірген.

1982 жылдан бастап Құрманғазы атындағы мемлекеттік Академиялық ұлт аспаптар оркестрінде домбырашы болып өнер жолын бастады.

1984-1987 жылдары Гурьев Мәдени ағарту училищесінде домбыра және дирижер пәні бойынша сабақ берді.

1987 жылдан қазіргі уақытқа дейін Нұрмұқан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында музыкант-домбырашы болып жұмыс жасап келе жатыр.

"Нарын" фольклорлық ансамблінде белді домбырашысы, "Атырау-Жайық", "Шалқиды Ән" ансамбльдерінің бас гитарист болып жұмыс жасады. Құрманғазы мен Дина, Еспай, Тәттімбет пен Дәулеткерей шығармаларын шебер орындаушы. Халық күй мектебінен өтіп, облыс пен Республика бойынша домбыраның орындалу шеберлігін дамытты.[1]

Қазақстан, таяу және алыс шет елдер бойынша Атырау облыстық филармонияның оркестрімен және жеке концерттермен өнер көрсеткен. Төмендегі елдерденде қазақ ұлттық музыка аспабы домбыра ойнау шеберлігін көрсетіп, халықты тамсандырды: Египет, Израиль, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Үндістан, Ресей. [2] Сонымен қатар, жеке концерттермен және облыстың біріккен оркестрлерімен Атырау және Қазақстан қалаларының сахналарында өнер көрсеткен. Осы жылдар арасында, өнерін әртүрлі Республикалық музыкалық программалар арқылы, радио тыңдаушылары, теледидар көрермендері бірнеше рет тамашалады. [3]

Әкесі - Дүйсеев Халидолла (1930-2009), партия және кеңес қызметкері, КСРО кәсіби-техникалық білім беру үздігі. Анасы - Жәнипа Сабырқызы (1932-2005), дүниеге он бір перзент әкелген, КСРО-ның батыр ана атағын алған (1972). Отбасында алты қыз, бес ұл дүниеге келген: Какима, Фатима, Мәншүк, Венера, Ақмарал, Ақбөбек, Қуанышкерей, Пангерей, Құттыгерей, Орынғали, Думан.

Зайыбы - Гүлнар. Балалары - Ерлан мен Руслан.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1985 жылы "Атырау" фольклорлық ансамблінің құрамымен Мәскеуде өткен Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауында 1-ші орынға ие болды.

1998 жылы Құрманғазы атындағы аймақтық домбырашылар сайысының қатысып 1-ші орын алды.

1999 жылы Ақтау қаласында Маңғыстау күйлерін орындаушылардың байқауына қатысып 1-ші орынды иеленді.

2000 жыл Президенттің жарлығы бойынша Мәдениетті қолдау жылы аталған. Осы жылдың аясында Президенттің мақтау грамотасымен марапатталды.

2002 жылы Қазақтан Мәдениет Министрінің арнайы грамотасына ие болды.

2010 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері атанды.

2000 – 2020 жылдары Домбыраны насихаттап, халық арасында таратып, домбыра шерту өнерін дамытқаны үшін Атырау облыс әкімдерінен бірнеше рет алғыс хат алған.

2017 жылы сіңірген еңбегі үшін “Еңбек даңқы” төс белгісі берілді.

Әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұщыкұдык ауылы шежіресі/ Алматы, Сардар баспа үйі, 2014, 223 бет ISBN 978-601-7174-37-8.

Сайпеден Сидағалиев. “Айналайындарыма Аманат”/ Алматы, Сардар баспа үйі, 2016 ISBN 978-601-80579-2-6.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]