Құлаққап
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Құлаққап, кейде тыңдауыр (ағылш. headphone) — музыка және басқа да дыбыстық сигналдарды дербес тыңдауға арналған құрылғы. Микрофонмен жиынтықта телефон арқылы сөйлесу құралы, яғни бас ғарнитурасы (headset) ретінде қызмет атқара алады. Сонымен қатар, құлаққаптар дыбыс жазушы студияларда жазылып жатқан музыкалық композиция тректерін бақылау үшін қолданылады.
Құлаққаптың түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құлаққаптар ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді:
Тағайындалуы бойынша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- студиялық - ең жоғарғы және біркелкі жиілігінің арқасында дыбыс сапасы жақсы бұл құлаққаптарды дыбыс жазу студияларында қолданады. Дыбыс жазушы өте кішкентай ақаулар мен шуларды оңай ести алу үшін студиялық құлаққаптарда жоғарғы жиіліктегі дыбыс ажыратушы орнатылады. Алайда бұндай құлаққаптар тұрмыс-тіршілікте көп қолданылмайды, себебі артық шулар естіледі;
- қарапайым (тұтынушыларға арналған) - күнделікті қолданыстағы құлаққаптар. Мұндай тыңдауырлар әдетте төменгі және орташа жиілікке арнап жасалады, сондай-ақ олардың сыртқы дизайніне көп көңіл бөлінеді.
Сигнал тарату тәсілі бойынша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- сымды - ақпарат көзіне сым арқылы қосылады. FM-радиоқабылдағышымен қосқан кезде сым антенна қызметін атқарады;
- сымсыз - сигналды ақпарат көзінен радиотолқындардың (оның ішінде Bluetooth т.б.) немесе инфра қызыл сәулелердің көмегімен алады.
Каналдар саны бойнша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- монофонды - сигнал екі дыбыс шығарғыштардың арасында тек бір канал арқылы жіберіледі, сәйкесінше екі жақтан шыққан дыбыс бірдей болады;
- стереофонды - сигнал екі дыбыс шығарғыштан әр-түрлі каналдармен жіберіледі;
- көп каналды - әр құлағында екі немесе одан көп дыбыс таратқыш болады.
Кабельдің қосылуына қарай
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- екі жақты - жалғағыш кабель әр құлақшаға қосылады;
- бір жақты - жалғағыш кабель тек бір құлақшаға қосылады.
Кедергілері бойынша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- төмен-омды - 100 Омға жуық кедергімен;
- жоғарғы-омды - 100 Омнан көп кедергімен.