Құбылмалы бахтах
Құбылмалы бахтах | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Oncorhynchus mykiss (Walbaum, 1792) |
Құбылмалы форель немесе бахтах – бұл балықтың Отаны – Солтүстік пен Орталық Америка. Форель албырттарға жатады. Бағалы қызғылт түсті еті үшін адамдар бұл балықты кең таратуға тырысты. Нәтижесінде бұл балық тоған балық шаруашылығының нысаны болды, дүние жүзінде көптеген елдерде жерсіндірілді. Ол Қазақстан Шелек өзені су қоймасында тіршілік етеді. Бұл – орташа пішінді (ұзындығы 0,5 метрдей, салмағы 6 кг), арқасы сұр түсті, бүйірінде жарқыраған теңбілдері мен қызыл (аталықтары уылдырық шашу кезінде) бүйір жолақтары бар балық. Өзінің «құбылмалы» деген атын кей түрлерінің ашық боялғандығынан алған. Қоректенуі алуан түрлі – бентос, ұсақ балықтар, жәндіктер және тағы басқалар. Форельге жақын балық – албырт. Қазақстанда 2 түрше – Каспий және Арал албырттары тіршілік етеді, олар Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.