Қызыл кезқұйрық
Қызыл кезқұйрық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Milvus migrans Milvus milvus Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
Black and Yellow-billed Kite ranges.
Orange: summer only Green: all year Blue: winter only | ||||||||||||||
Түршелері | ||||||||||||||
5 | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Қызыл кезқұйрық (лат. Milvus migrans) – сұңқартәрізділер отряды қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Еуропада, Кавказда, Иранда, Кіші Азияда және Африканың солтүстік-батысында кең тараған (тек ормансыз жазықтар мен өте биік таулы аймақтарда кездеспейді). Сирек түрлері, әлемдегі жалпы саны 17-28 мыңға бағаланады[2], олардың басым көпшілігі Францияда, Германияда және Испанияда ұя салады. Түрлі ұлттық және халықаралық келісімдерге қорғалған: Балтық аймағындағы сирек құстардың тізіміне енгізілген, Халықаралық сауда туралы конвенцияның (СИТЕС) 2 қосымшасында, Бонн конвенциясының 2-қосымшасына, Ресей Федерациясының Қызыл кітабына енгізілген.
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шәулісінің қанатының ұзындығы 41 – 51 см, құйрығының ұзындығы 25 – 28 см, ұябасары сәл ірілеу. Салмағы 1000 г-ға жетеді. Басқа жыртқыш құстардан айырмашылығы: құйрығының ұшы айыр. Ол әсіресе қалықтап ұшқанда жақсы байқалады. Арқасы қара қоңыр, қоңыр сұр түсті, басы ақшылдау, ал бауыры – ұзына бойына орналасқан қара дақты, сарғыш қоңыр. Ұшып жүргенде қанат астындағы ақ дақ жақсы көрінеді. Жас құстардың реңі басқаша: қауырсындары бурыл, денесі қызғылт қоңыр теңбілді және құйрық қанаттарының ұшы ақ. Кезқұйрық – жыл құсы. Наурызда Қазақстан аумағына ұшып келеді. Сәуірдің ортасында ағаш басына (негізінен еменнің), жартасқа ұялайды. Ондағы 2 – 3 жұмыртқаны ұябасары 30 күндей шайқайды. Балапандары 45 күннен кейін ұядан ұшады. Тамыздың аяғы – қыркүйектің басында топталып, жылы жаққа – Африка мен Оңтүстік Азияға ұшып кетеді. Әлсіз жыртқыш болғандықтан негізгі қорегі – жануарлар өлексесі, ұсақ кемірушілер, тауықтәрізділер мен су құстарының балапандары, кесірткелер, жыландар, бақалар, су бетінде қалқып жүрген өлі балықтар, моллюскілер. Өлексені, т.б. қалдықтарды, зиянды кемірушілерді жеп пайда келтіреді.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ BirdLife International Milvus migrans. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2009.2. International Union for Conservation of Nature (2009). Тексерілді, 15 ақпан 2010.
- ↑ Hagemeijer, W.J.M. and Blair, M.J. (1997) The EBCC Atlas of European Breeding Birds: Their Distribution and Abundance, T. and A.D. Poyser, London.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Milvus migrans |