Қаракөлше
Қаракөлше — қаракөл қойының іш тастауынан (буаздығының 120–140 күндері, мерзімінен бұрын) немесе саулықтың жатырынан жарып алынған қозының терісі. Қаракөлше дүниежүзілік нарықта жоғары бағаланатын және үлкен сұранысқа ие болып жүрген терілердің қатарына жатады. Қаракөл елтірісімен салыстырғанда Қаракөлше елтірісінің жүні тықыр әрі жылтыр, бұйрасы да әдемі, жібектей құлпырып тұрады, терісі жұқа, жұмсак, жеңіл ке¬леді. Оның орташа ауданы 900–1508 см2, салмағы 250 г, калындығы 0,97 мм, жүнінің ұзындығы 4,19 мм. Қаракөлшенің әсіресе, түрлі-түсті елтірісі өте бағалы келеді. Қаракөлше елтірісінен бас киім, жаға, әйелдің сырт киімі, жакет, т.б. тігіледі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |