Қаламсап
Қаламсап(Қалам) дегеніміз - біздің күнделікті өмірімізде қолданып жүрген жазу құралы. Қаламсап екі түрлі болады. Ол жай қаламсап және сиясын толтыруға болатын қаламсап. Ойлап қарасаңыз қаламсапсыз өмір өте қиын болар еді. Мысалы біз құстың қауырсынымен әлі күнге дейін жазатын болсақ маңызды құжат жазу кезінде сияны төгіп алуымыз мүмкін болатын.
Шығу тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұрынғы кездe жазу құралдары қауырсыннан басталмаған еді. Ең басында адамзат жазу үшін 4000 жыл бұрын дымқыл саздан жасалған тақтайшаға ағаш таяқшамен қырып жазған. Одан соң Римде балаyызға жазуды ойлап тапқан. Осы әдіс англосакстардың пергамент ойлап тапқанынша 18-шы ғасырға дейін қолданылған еді. Біздің ғасырымыздың 600-1800 жылдары пергаменттың көбею және арзандауы барлығына қолжетімді жазу құралын ойлап табуға түрткі болды. Осылай адамзат сияға батырылатын кұc қауырсынымен жазуды ойлап тапты. Ағылшынның "pen" сөзі латынша "penna" құс қауырсыны деген сөзден шыққан. Құс қауырсындары 18-ғасырға дейін рекордтық yақыт қолданылды. 19-ғасыр соңында темір қаyырсынды қаламсаптар тез тозғыш, Жиі ауыстыруды қажет ететін құc қауырсындарын түгелдей қолданыстан шығарды. 1884 жылы қауіпсіздендіру агенті Левис Эдсон Ватерман сия арқылы толтырылатын қаламсаптың ойлап шығарушысы ретінде тарихқа енді. Ол жұмыста өте көп жазатын болғандықтан қаламсапты ойлап шығарды. Ватерман өз жұмысын қалдырып "Ideal Pen" компаниясын ашады. Осылай ол сияға толтырылатын қауырсынды қаламсаптарды сатуды бастады. Бұл 1943 жылы Ласло Биро iске кіріспесе мәңгілік жалғасар еді. Өзінің жұмысына байланысты (ол журналист болды) ол типографияда жиі болып, ротиациялық машинадан шыққан сиясы құрғақ газетті көріп ойлана бастады. Неліктен қаламсаптарды да типография сиясы секілді тез кебетін сиямен толтырмасқа? Сонда автоқаламмен жұмыс істеу өте ыңғайлы болар еді. Журналист бұндай сияның қою болу керек екенін түсіндi. Бірақ сия қою болса ол автоқаламның капилляр системаларын бітеп тастайды. Сондықтан ол басқа бірдеңе ойлап тапқысы келді. Дипломы бар химик ағасымен ақылдасады. Осылай Биро қауырсынды бос айналатын шармен алмастырады. 1938 жылы алғашқы қаламсап шығарылды. Екінші дүниежүзілік соғыс алдында Венгриядағы жағдай Ласло Биро секілді либеральды журналисттер үшін қауіпті болды. Сондықтан Ласло Бироға Парижге, Парижден Испанияға, ақыр соңында Аргентинаға көшеді. Парижде болған кезде ол өз қаламсаптарының шығарылуына патент алады. Ал Аргентинада ол өзіне қаражат жағынан көмектесетін финансистты табады. Осында Ласло Биро қаламсап құрылысын жақсартып, шарлы өзек жасап шығаратын машинаны өңдейді. Биромен құрастырылған шағын фабриканың алғашқы бұйымдары Аргентинада 1943-інші жылы сатылымға шығады. Олар бұрынғы сияға толтырылатын қауырсынды автоқаламға карағанда қымбаттырақ болды. Ең алғашқы сатып алушылардың бірі ұшқыштар болған еді. Ұшқыштар үшін бұндай қаламсаптар ыңғайлы. Себебі ауада ұшу кезінде атмосфералық қысым төмен болады. Биро ойлап тапқан қаламсаптар сиясы ұшу кезінде құс қауырсынды автоқаламның сиясындай ағып кетпейтін еді. Бұл каламсаптар туралы АҚШ-тың қорғаныс министрлігіне дейін жетеді. Ол ең күшті қалам фабриканттарына Ласло Бироның автоқаламсаптарымен танысып, сондай қаламдарды американдық ұшқыштарға шығаруға бұйрық берді. 1944-інші жылы Биро АҚШ патентімен өз қаламсаптарын қорғады және екі үлкен американдық компанияларға лицензия сатты. 1947-інші жылы Ласо Биро Ватерман автоқаламсаптар жұмысынан алыстады және өзін живописьқа арнады. Басында шарлы өзектер технологиясы қымбат болды. Бірақ 1953 жылы француз предприниматеелі Марсель Бич арзан шарлы өзегі бар және бір қолданбалы қаламсаптар шығаруға қаражат енгізді. Қаламсап бағасы түскені соншалықты, ол барлығына қолжетімді болды. Осылай шарлы өзегі бар автоқаламсаптар бүкіл әлемге тарады. Ал сосын біздің үстелімізге де түсіп, таптырмайтын затқа айналды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]http://chitach.ru/stuff/77/(қолжетпейтін сілтеме)
http://moikompas.ru/compas/sharikovayruchka Мұрағатталған 4 қыркүйектің 2013 жылы.