Қазандық қондырғы
Қазандық қондырғы ыстық су мен бу өндіру үшін қолданылатын механизмдер мен қондырғылар жиынтығы.
Қазандық қондырғы қазан агрегатынан және қосымша жабдықтардан (газ және ауа құбырларынан, оттықтан, үрлеу құрылғысынан, т.б.) тұрады; тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттардың және технология тұтынушылардың (өнеркәсіптік мекемелер, т.б.) жылыту, желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерін жылумен жабдықтауда қолданылады. Шағын қуатты Қазандық қондырғыда қосымша құрылғылар болмайды, оның есесіне қоректендіргіш арматуралар және қазанға құйылатын су әзірлейтін жабдықтар болады. Қазан цехында, ЖЭО-нда әдетте бірнеше Қазандық қондырғылары орнатылады. Бұл қазандар ортақ магистрал бойынша қоректендіріледі. Буды ауық-ауық қыздырып тұратын қуатты Қазандық қондырғы қазан-турбина блогі жүйесін түзеді. Қуатты Қазандық қондырғының орнатылатын бөлмесінің аумағы бірнеше мың м3, сағатына 4000 т-ға дейін бу өндіре алады. Қазақстанда 20 ғасырдыңдың ортасында жасалған ПТВМ және КВ-ГМ (шамамен 117 дана) түріндегі орташа жылу өндіруі 116 МВт (100 Гкал/сағ) дейінгі су ысытқыш қазандар қолданылыста болған. Қазіргі кезде, тек қана Алматы қаласында КСГн сериялы пайдалы әсер коэффиценті 92%, табиғи газбен жұмыс істейтін 50-ге жуық су ысытқыш қазандар, КВ-Г-3,56 сериялы 4 қазан және КВ-Г-7,65 сериялы бір қазан жұмыс істейді. Жылу техника көрсеткіштері бойынша жетілдірілген жаңа КВ-Г-35 қазаны “АЖЖЭ” ААҚ-ның Оңтүстік қазандығында өндіріске енгізілуде. Қазақ энергетика ғылыми-зерттеулер институтында КСТ, КСГн және КВ-Г-35 сериялы Қазандық қондырғылар жасалды.[1]
Түйіршіктерді күйдіру үшін қыздырғыштардың 2 түрі қолданылады:[2]
- Алау - тек түйіршіктермен жұмыс жасау (негізінен ағаш және ауылшаруашылық түйіршіктерде). Алау қыздырғыштарының тиімділігі реторлық оттықтарға қарағанда жоғары (күрделі дизайн және екінші реттік ауа берілуіне байланысты);
- Реторт - олар 5-25 мм фракциясы бар көмір бұршақтарында тиімді. Түйіршіктерді қолданған кезде тұтыну көп болады (алау оттығымен салыстырғанда). Көптеген реторлық қыздырғыштарда өзін-өзі тазарту функциясы бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|