Мазмұнға өту

Юстиниан ІІ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Юстиниан II

Юстиниан II Риномет (шамамен 670, Константинополь, – 11.12.711, сонда) – Византия императоры (685–695, және 705–711). Орт. өкімет билігін нығайту саясатын жүргізді, шеткі аймақтардағы ірі қалалардың дербестікке ұмтылуын басып-жаныштады. Салықтарды көбейтіп, Кіші Азиядағы еретиктік қозғалыстарды басты. Фракия мен Македонияға бірнеше жорық жасап, онда қоныстанған славяндарды бағындырды, бір бөлігін Кіші Азияға жер аударды. Омейя әулетімен соғыста жеңіліске ұшырап, 692 ж. Армениядан бас тартуға мәжбүр болды. 695 ж. қастандық ұйымдастырушылар Юстиниан ІІ-ні биліктен тайдырып (оның мұрны кесілді, осыдан барып «Риномет» – «мұрынсыз» деген атақ алды), Херсонеске жер аударды. Ол жерден Юстиниан ІІ хазарларға, кейіннен Болгарияға қашты. Болгар ханының көмегімен 705 ж. тақты өзіне қайтарды. Бірақ 711 ж. қайтадан құлатылып, басы алынды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 10-том