Эрнст Хаппель (стадион)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эрнст Хаппель

4-ші санаттағы УЕФА стадионы
4 4 жұлдыздан4 4 жұлдыздан4 4 жұлдыздан4 4 жұлдыздан

Толық атауы

Эрнст-Хаппель-Штадион

Шынайы атауы

Ernst-Happel-Stadion

Бұрынғы атаулары

Пратер (Пратерштадион)

Орналасуы

Вена, Аустрия

Салынған

1929

Ашылған

11 шілде 1931

Жаңартылған

1986

Сәулетші

Отто Эрнст Швейзер

Сыйымдылығы

55 665

Команда

Аустрия Ұлттық футбол құрамасы

Алаңның өлшемі

105×68 м

Эрнст Хаппель (стадион) (Австрия)

«Эрнст Хаппель» (нем. Ernst-Happel-Stadion) — Вена қаласындағы футбол стадионы. Аустрия Ұлттық футбол құрама командасы өз алаңындағы матчтарын өткізеді.

Құрылысы 1931 жылы 11 шілдеде аяқталды. Аустриядағы ең үлкен арена. 1992 жылға дейін "Пратерштадион" деп аталып келді. 1992 жылы аустриялық ең танымал бапкер Эрнст Хаппельдің есімі берілді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Аустрияны Германия жаулап алған соң, стадион тұтқындарды қамау орнына айналды.

"Аустрия" мен "Рапид" клубтары еуротурнирлердегі матчтарын осында өтікзеді. Себебі, өз стадиондары мұндай халықаралық жарыстарды өткізуге тым кішілік қылады.

2008 жылғы Еуропа чемпионаты қарсаңында күрделі реконструкция жасалды. Оған 36, 9 млн. еуро жұмсалды.

Cтадионда өткен ірі жарыстар мен матчтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионаты, 1938
  • УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы, 1964, 1987, 1990, 1995
  • Кубок иелері кубогының финалы, 1970
  • Футболдан Еуропа чемпионаты, 2008

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]