Эпир

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эпир (Epeіros) – Солтүстік-Батыс Грекиядағы, Ион теңізіндегі тарихи аймақ. Құрамында Арта, Превеза, Теспротия, Янина номдары бар. Аум. 9,2 мың км², халқы 300 мыңнан астам (2003). Негізгі қаласы – Янина. Э-дің көпшілік аум-н Пинд таулары (ең биік жері – 2633 м) алып жатыр. Эпир – негізінен а. ш-ты аудан. Жазықта бидай, сұлы, темекі, мақта, жүзім өсіріледі, зәйтүн тоғайлары бар. Тауларда жайылымдық мал ш. дамыған, негізінен қой мен ешкі өсіріледі, ағаш дайындалады. Теңіз жағалауларына цитрустық жеміс ағаштары отырғызылған. Балық аулау дамыған. Эпир ең ежелгі грек тайпалары қоныстанған жер деп есептеледі. Осы жерден олар Балкан түбегі мен Эгей т-ндегі аралдарға таралып, қоныстанған. Эпир аум-н кейінірек хаон, молосс, т.б. тайпалары мекендеді. Молосстар патшасы Пирдің (б.з.б. 4 ғ-дың соңы – 3 ғ-дың бас кезі) кезінде Эпир бірыңғай мемлекетке бірікті. Б.з.б. 168 ж. Эпирді римдіктер жаулап алып, 70-тен аса қаланы қиратты, 150 мыңнан аса эпирліктерді құлдыққа айдап әкетті. Августың кезінде Эпир аум. рим провинциясы – Ахайяның құрамына қосылды. Троянның билік еткен кезінде (2 ғ.) Акарнаниямен қосылып, Эпир провинциясын құрады. 4 ғ-дан бастап Византияның (13 – 14 ғ-ларда Эпир мемлекетінің құрамына кірді) құрамында, 15 ғ-дың ортасынан бастап түріктердің билігінде болды. 1881 ж. бір бөлігі (Арта ауд.), 1912 – 13 ж. Балкан соғыстарынан кейін Э. түгелдей Грекияның құрамына енді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

<references>


  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том