Эмпедокл
Эмпедокл ((Агригенттен Сицилия ар.) б. з. б. 490-30 ж. ш.) - ежелгі гр. материалист-философы, құл иеленушілік демократияның идеологы. Өзінің "Табиғат туралы" филос. поэмасында алуан түрлі заттарды төрт "түп тамырға" әкеліп тірейді, олар : жер, су, ауа және от. Табиғаттың төрт элементі (немесе құбылысы) туралы ілім ретінде көп ғасырлар бойы ертедегі және орта ғасырлардағы философияда сақталды. Элементтердің қосылуын және ыдырауын эмпедокл бір-біріне қарама-қарсы екі күштің: тартылыс және серпіліс күштерінің ("достық" пен "өшпенділік") әсерімен түсіндірді. Мәлім бір күштің басым түсуі ғарыштың дамуында белгілі бір циклмен болып жататын өзгерістердің әртүрлі кезеңдерін белгілеп береді. Неғұрлым өміршең, үйлесімді түзілістердің табиғи сұрыпталуы нәтижесінде тірі мақұлықтардың заңды эволюциясы туралы эмпедокл айтқан болжамдардың тарихи маңызы зор.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"