Эдмунд Кин
Эдмунд Кин | |
ағылш. Edmund Kean | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Ричмонд, Англия |
Азаматтығы | |
Қызметі | |
Эдмунд Кин (ағылш. Edmund Kean, 17 наурыз 1787, Лондон — 15 мамыр 1833, Ричмонд) - ағылшынның сахналық романтизмнің көрнекті өкілі. 12 жасында кезбе актер болған. 14 жасынан провинциялық театрларда ойнап, актерлік өнерімен көпшілікке кеңінен танылды. 1814 ж. тұңғыш рет Лондондағы «Друри Лейн» театрында Шейлоктың ролін (Шекспирдің «Венециан көшесінде») орындағаннан кейін оның есімі Англияның үздік трагедиялық актері ретінде белгілі болды. Кин көбіне У. Шекспирдің трагедияларында (Ричард III, Гамлет, Отелло, король Лир, Макбет, Яго) ойнады. Ол өзінің сахналық трактовкасында Отеллоның қызғаншақтығынан гөрі жан дүниесін, күйініш- толғанысын терең ашуға ұмтылса, Гамлет ролі арқылы ағылшын қоғамының екі жүзділігін өткір сынға алды. Ф.Мессинджердің «Ескі қарыздан құтылудың жаңа жолы» атты пьесасында сэр Оверричтің образын жасады. Сахналық қызулық, ойлылық, сезімталдық пен үздік актерлік шеберлік - оның творчествосына тән қасиет. Гастрольдік сапармен АҚШ-қа барып келгеннен кейін (1825-1826) сахналық өнерден қол үзді.
Қолданылңан әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 425-426 бет