Эдинсон Кавани

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эдинсон Кавани Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Эдинсон Роберто Кавани Гомес

Лақап аттары

Эль Матадор (El Matador)[1]

Туған күні

14 ақпан 1987 (1987-02-14) (37 жас)

Туған жері

Сальто, Уругвай

Азаматтығы

 Уругвай

Бойы

188 см[2]

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Манчестер Юнайтед

Номері

21

Жастар клубы
Уругвай Насьональ (Сальто)
Уругвай Пеньяроль (Сальто)
Уругвай Ремерос (Сальто)
Уругвай Сальто Уругвай
Уругвай Ферро Каррил (Сальто)
2000—2006 Уругвай Данубио
Клуб карьерасы[* 1]
2005—2007 Уругвай Данубио 25 (9)
2007—2010 Италия Палермо 109 (34)
2010—2011   Италия Наполи (аренда) 35 (26)
2011—2013 Италия Наполи 69 (52)
2013—2020 Франция Пари Сен-Жермен 200 (138)
2020— Англия Манчестер Юнайтед 38 (12)
Ұлттық құрамы[* 2]
2006—2007 Уругвай Уругвай-20 15 (11)
2012 Уругвай Уругвай (олимп.) 5 (3)
2008—  Уругвай 128 (54)
Марапаттары мен медальдары
Америка Кубогы
Алтын Аргентина 2011
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Эдинсон Роберто Кавани Гомес (ис. Edinson Roberto Cavani Gómez; 1987 жылы 14 ақпанда туған, Сальто, Уругвай) — уругвайлық футболшы, "Манчестер Юнайтед" клубы мен Уругвай құрамасының шабуылшысы.

Балалық шағында Уругвайдың бірнеше клубының мектебінен өтті. Кәсіби карьерасын 2005 жылы "Данубиода" бастады. Екі маусымнан соң, 2007 жылы қаңтарда "Палермоға" ауысты. "Палермо" сапындағы тұңғыш кездесуін 11 наурызда өткізді.

2010 жылғы жазғы ауысымда "Наполи" клубына жалға берілді. Бір жылдан соң неапольдық клуб түпкілікті сатып алды.

2013 жылы жазда "Пари Сен-Жерменге" ауысты. Тұңғыш ойынын 9 тамызда "Монпельеге" қарсы өткізді. 18 тамызда тұңғыш голын "Аяччоға" соқты. 2017 жылы клубқа Неймар мен Мбаппе келді. Бірақ Кавани негізгі құрамнан ығыса қоймады, керісінше 2017/18 жылғы маусымда 157-ші голын соғып, клуб тарихындағы ең үздік мерген атанды.

2019 жылы желтоқсанда "Атлетико Мадридпен" келісім шарт жасасты деген хабар тарады. Бірақ 2020 жылы жазда париждік клубпен келісім шарты біткен соң біраз уақыт клубсыз жүрді.

2020 жылы 5 қазанда "Манчестер Юнайтед" футболшысы атанды. Клубпен бір жылдық келісім шарт дасасты.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2011 жылғы Оңтүстік Америка чемпионы. Үш бірдей әлем чемпионатында (2010, 2014, 2018) гол соққан екі уругвайлық футболшының бірі, екіншісі Луис Суарес.

Статистикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
19 мамыр 2018
Чемпионат Кубок Конт. Басқа да Бары
Клуб Лига Маусым Ойын Гол Ойын Гол Ойын Гол Ойын Гол Ойын Гол
Данубио Примера 2005/2006 10 4 5 3 0 0 0 0 15 7
2006/2007 15 5 0 0 0 0 0 0 15 5
Бары 25 10 5 3 0 0 0 0 30 13
Палермо А сериясы 2006/2007 7 2 0 0 0 0 0 0 7 2
2007/2008 33 5 2 0 2 0 0 0 37 5
2008/2009 35 14 1 1 0 0 0 0 36 15
2009/2010 34 13 3 2 0 0 0 0 37 15
Бары 109 34 6 3 2 0 0 0 117 37
Наполи А сериясы 2010/2011 35 26 2 0 10 7 0 0 47 33
2011/2012 35 23 5 5 8 5 0 0 48 33
2012/2013 34 29 1 1 7 7 1 1 43 38
Бары 104 78 8 6 25 19 1 1 138 104
ПСЖ 1 лига 2013/2014 30 16 5 5 8 4 0 0 43 25
2014/2015 35 18 7 7 10 6 1 0 53 31
2015/2016 32 19 9 3 10 2 1 1 52 25
2016/2017 36 35 6 6 8 8 0 0 50 49
2017/2018 32 28 7 5 8 7 1 0 48 40
Бары 165 116 34 26 44 27 3 1 246 170
Бүкіл карьерасында 403 238 53 38 71 46 4 2 531 324

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
26 наурыз 2018
Құрама Жыл ӘЧ

іріктеулері

Әч

Финалдық турнир

Америка кубогы Конфедерациялар

кубогы

Жолдастық

кездесулер

Бәрі
Ойын Гол Ойын Гол Ойын Гол Ойын Гол Ойын Гол Ойын Гол
Уругвай 2008 1 0 - - - - - - 3 1 4 1
2009 6 0 - - - - - - 2 0 8 0
2010 - - 6 1 - - - - 6 6 12 7
2011 3 1 - - 3 0 - - 6 1 12 2
2012 6 1 - - - - - - 3 2 9 3
2013 9 4 - - - - 4 3 2 0 15 7
2014 - - 4 1 - - - - 6 3 10 4
2015 2 1 - - 4 0 - - 2 3 8 4
2016 7 7 - - 3 0 - - 1 2 11 9
2017 6 2 - - - - - - 3 1 9 3
2018 - - - - - - - - 2 2 2 2
Барлығы 40 16 10 2 10 0 4 3 36 21 100 42

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Италия Наполи

  • Италия кубогы: 2011/12

Франция Пари Сен-Жермен

  • Франция чемпионы (4): 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19, 2019/20
  • Франция суперкубогы (5): 2013, 2014, 2015, 2016, 2017
  • Франция кубогы (4): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19
  • Француз лигасының кубогы (5): 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18

Уругвай Уругвай

  • Америка кубогы: 2011
  • Италия кубогының үздік мергені: 2011/12: 5 гол
  • Италия чемпионатының үздік мергені: 2012/13: 29 гол
  • Уругвайдағы жыл футболшысы: 2013
  • Италиядағы жыл футболшысы: 2013
  • Франция чемпионатының үздік мергені (2) 2016/17: 35 гол; 2017/18: 29 гол
  • «Пари Сен-Жермен» клубы тарихындағы үздік мерген: 170 гол

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]