Мазмұнға өту

Цзяньвэнь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Чжу Юньвэнь
朱允炆
Цзяньвэнь
Ізашары Чжу Юаньчжан
Ізбасары Чжу Ди
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 5 желтоқсан 1377 (1377-12-05)
Қайтыс болуы 13 шілде 1402 (1402-07-13) (24 жас)
Әкесі Чжу Бяо
Анасы Лю ханым
Жұбайы Ма патшаханым
Балалары 2 ұлы

Цзяньвэнь 5 желтоқсан (1337 жыл - 13 шілде 1403 жыл) - Мин империясының екінші императоры, таққа 1398 жылдың 24 маусымда отырған, 1403 жылға дейін басқарған. Жекелей есімі Чжу Юньвэнь (朱 允炆 Yŭnwén), қазасына дейінгі есімі Хуэй Ди, толық аты жөні Гунмин Хуэйди.

1644 жылы манчужарлардан жеңілісінен кейін Мин империясын басқара бастағанб Фу-Ван (福王) бұл императорды Хуэй цзун (惠宗) деп атаған. Алайда, бұл есім тарихта ескерілмейді. Қазасы алдындағы есімі Гунмин Хуэй ди 1736 жылы Айсиньгиоро Хунли атты императормен бекітілген. 1644 жылы Фу ван оған қазасы алдыңдағы Жан-Хуади (讓皇帝) есімін берген. Толық аты жөні - Чэнъи Юаньгун Гуаньвэнь Янъу Кэжэнь Дусяо Жан (嗣天章道誠懿淵功觀文揚武克仁篤孝讓皇帝)болып табылады.

Оның әкесі Цзинь немесе Чжу Бяо болған. Цзинь ханзаданың әкесі Мин әулетінің алғашқы императоры Чжу Юаньчжан. Чжу Бяо мұрагер ерте 1392 жылы қайтыс болған, сонымен Юаньвэнь таққа мұрагер атанды, Інісі Чжу ди мұрагер атана алған жоқ. Сондықтан Юаньвэнь және Чжу Ди ханзадалардың қарым-қатынасы жақсы болған жоқ.

1398 жылдың маусым айында Чжу Юаньчжан қайтыс болғаннан кейін Чжу Юньвэнь 16 жасында таққа отырып, конфуциялық ілімдерге байланысты басқарған.

Юньвэнь билікке келгеннен кейін Цзяньвэнь дәуірін жариялады. Ол император болғаннан кейін, інісі Чжу Ди атты ханзадамен қарым-қатынасы тіпті нашарлап кетті. Чжу Ди мықты қолбасшы болған және моңғолдарға қарсы шайқастар жүргізген. Юньвэнь оны тіпті әкесінің жаназасына жібірмеген.

Императордың Чжу Ди ханзаданы биліктен шектеу жолы мәселені тіпті ушықтырды. Осылайша көтеріліс басталды.

Чжу Ди қолбасшылардың арасында өте танымал болды. Оны тұрғындар жақтайды және моңғал әскерін де өз жағына қаратады. Чжу Ди әскеріне қарсы Ли Цзинлун генерал қарсы шығады, бірақ талай рет жеңіліс табады. 1402 жылдың 15 қаңтарында Чжу Ди Нанкин жеріне жорықты бастайды. Оның әскері қалаға жақындағанда Ли Цзинлун қорыққаннан қалалық қақпаны ашып береді, дүрбелең басталады. Император сарайы өртенеді, Чжу Юньвэнь өз әйелімен шамамен өрт кезінде жан тапсырды.

Чжу Юньвэнь мәйіті табылған жоқ. Оның өрт кезіндегі қазасы әлі дәлелденген жоқ. Халықтың айтуынша, ол қашып құтылды және буддалық ғибадатханада орын тапты.

Чжу Ди қолбасшылардың арасында танымал болған. Оны халық қолдаған, өз жағына моңғол әскерін қаратқан, 1402 жылдың 15 қаңтарында Чжу Ди Нанкинге аттанды. Ли Цзун атты қолбасшыны жеңіп, қала қақпасы ашылды, сарай өртенді. Осы кезде Юньвэнь өз жұбайымен сол жерде қайтыс болып кетуі мүмкін.

Чжу Юньвэнь мәйіті табылған жоқ. Aлайда, оның өрт кезінде қайтыс болуы жайлы мәлімет әлі дәлелденген жоқ.