Хиросаки
Хиросаки - Жапониядағы Аомори префектурасының Хонсю аралында орналасқан қала. Қала ауданы 524,12км², халық саны 182 215 мың адам (2010 жылғы халық санағының қорытындысы). Қала нышандары – сакура гүлі мен алма ағашы. Цугару, Хиракава, Одатэ қалалары, Овани, Фудзисаки, Итаянаги, Цурута кенттері және Нисимея, Инакадате ауылдарымен шекаралас. Хиросаки Эдо дәуірінде (1603-1868 жылдары) Хиросаки хандығының сарайының жанында орналасқан кішкентай кент болып, 1889 жылы 1 сәуірде қала мәртебесін алады. Хиросаки – Аомори префектурасының оңтүстігіндегі көлік торабы. Қалада ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсіптері дамыған, Цуганури деп аталатын лактанған бұйымдарды өндіреді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|