Харизма
Харизма (гр. χάρισμα - шапағаттылық, құдай берген дарын) — аса дарындылық; қандай да бір тұлғаның қисынмен түсіндіруге келмейтін, айналадағыларға қатты ықпал ету, әсер ету мүмкіндігі. "Харизма" ұғымы харизмалық үстемдік, харизмалық көшбасшылық сияқты саяси түсініктердің негізі болып табылады. Ұғымды әлеуметтік-саяси ғылымға енгізген Эрнст Трельч (1865- 1923) және Макс Вебер (1864-1920). Вебер харизмалық үстемдіктің ерекше түрін анықтап, оны дәстүрлі және заңды үстемдікке қарсы қойды. Оның пікірінше, харизмалық үстемдік - айтқанын екі етпей, бұлтақсыз көнетін, ерікті түрде бағынатын, харизмалық билеушінің таңдаулы екендігіне сенетіндер қолдайтын "көсемнің билігі".[1]
Харизма — жеке тұлғада оған бас игізгендей және оның мүмкіндіктеріне сөзсіз сенетіндей қасиеттер бар деп білу. Бұл феномен топтасу процесінде өз мұраттарын жеке бір адамға түгелдей дарыған деуге бейім шағын және әсіресе үлкен топтарға тән. Харизма көбіне экстремальды тарихи жағдайларда пайда болады. Харизмалық лидерге оның жақтастарының барлық жетістіктері байланыстырылады, тіпті оның көріну кемшіліктері дәріптелуге дейін барады. Харизмалық лидердің діни немесе саяси аренадағы қабілеттері тылсым мәнде ұғынылып, құтқарушы деп табыну шығады. Харизма оған сәйкес әлеуметтік-психологиялық қажетсіну болғанда қалыптасады. Топтық психологияның феномені ретінде Харизма, әдетте, өңінің айналдырылған түрінде қабылданады: барлық назар харизманы жасаушы ізбасарларға аумай, лидерде болады. Харизмаға өтпелі сипат берушілік, оның мұрагерлеріне тарату, иерархиялық тұрғыдан орнықтыру әрекеттері болады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- ↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |