Харакири
Хараки́ри (жап. 腹切り) немесе сэппуку (жап. 切腹) (нағыз. «ішті жару») — салттық өзін-өзі құрсағын жарып өлтіру, Жапонияның орта ғасырлық самурай жауынгерлерінде қабылданған дәстүр.
Самурайлар арасында қабылданған өзін-өзі өлтірудің бұл түрі үкім бойынша немесе еркін (егер жауынгердің абыройына тисе, ол өзінің даймёсіне адалдығының белгісі ретінде және осыған ұқсас жағдайларда) жүргізіледі. Сэппуку жасап, самурай өлімге, ауырғанға қарсы өзінің ерлігін, батырлығын көрсетіп, құдай мен адамдардың алдында ниетінің пәктігін дәлелдейді. Егер сэппуку жасайтын адам сенімсіз болса, не өте қауіпті болса, немесе дәстүрлі өзін-өзі өлтіруден бас тартса ритуалды қанжар (кусунгобу) веерге ауыстырылады да, ішті жару (сэппуку) бастан айрылу ритуалына айналатын. Айта кеткен жөн, құрсақ қуысына кіретін жарақаттану — басқа мүшелермен салыстырғанда ең қатты сезілетін жарақат. Самурайлар тегіне жататын әйелдер ішті жармай, тамақтарын кесіп жіберулеріне болатын еді.
Этимология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Сэппуку» мен «харакири» бірдей екі иероглифпен жазылады. Айырмашылығы - «сэппуку» жапонша 切腹 жазылған кезде басында «кесу» содан кейін «құрсақ», оқылғанда «онные», кытай- жапон оқылуы, ал «харакири» керісінше — 腹切り (бірінші иероглиф — «құрсақ», «кунные», жапон оқылымы. Көбінесе «харакири» тұрмыстық, қорлайтын реңді білдіретін сөз деп есептеледі. Егер де «сэппуку» салттық дәстүрдің ережелеріне сәйкес жасалған өзін-өзі өлтіруді білдірсе, онда «харакири» «өзінің құрсағын қанжармен жарып жіберу» деп аударылады. Шындығында 切腹 («сэппуку»), «онное» деп оқылады,ресми сөздерде қолданылады ,ал жалпы сөйлескенде жапондықтар көбінесе «харакири» сөзін қолданады. Яғни ол ешқандай қорлау мағананы білдірмейді. Сондықтан, «харакири» — терминнің ауызша түрі, ал «сэппуку» — жазбаша түрін білдіреді,мағаналары бірдей.
Пайда болу тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ерте заманда «сэппуку» Жапонияда танымал емес еді. Көбінесе өзін-өзі өлтірудің басқа түрлері жиі кездесетін — жағып жіберу мен асылу сияқты. Бірінші сэппуку Миномета тегінен шыққан даймё Минамото мен Тайра арасындағы соғыста, 1156 жылы, Хэгэнде болды. Минамото Тамэтомо, қысқа да қатыгез соғыста жеңіліс тауып тұтқынға түсіп масқара болмау үшін, өзінің құрсағын жарып жіберген. Сэппуку тез арада әскери сословия арасында тарады және самурай үшін өмірмен қоштасудың құрметті тәсіліне айналды.
Сэппуку жасалуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сэппуку дегеніміз өзі-өзіне қол жұмсаушы құрсағын сол бүйірінен оңға қарай көлденеңінен кесіп жібереді немесе басқа әдісі ,екі рет кеседі: бірінші көлденеңіне сол бүйірден оңға қарай,содан кейін тігінен диафрагмадан кіндікке дейін. Сонынан, сэппуку, танымал болғаннан кейін өлім жазасының ерекшебір түріне айналды. Ол үшін арнайы қиын ритуал жасалынды, оның өте маңызды кезі, еріксіз өзін өлтірушінің көмекшісі(кайсяку), көбіне оның жақын досы, семсермен бірақ сермеп оның айтқан уақытында басын шауып тастауы керек. Сонымен сэппуку мағынасы ритуалды бас кесу болып қалды. Бас кесу, өзіне-өзі қол жұмсаушының, денесі алға қарай кисая бастаған кезде жасалынады. Самурай азап шегуге шыдамдылық та табандылық көрсетуі тиіс, өзінің рухының күштігігін (хара) дәлелдеп, денесі қисайып кетісімен — семсердің серпуі оны өмірімен қоштастырады. Сэппуку бас алуы мен жай бас алудың заңды айырмашылық орнатылды. Дәрежесі биік ерекше адамдарға, самурайлардан бастап, кешірім ретінде өлім жазасы, сэппуку арқылы жүрнгізілетін болды, яғни,ритуалды бас алу. Сондықтан жaй өлімнен айырмашылығы осындай жаза масқара болып есептелмейді. Осындай жазаға самурай этикасына дақ түсірмейтін қылықтарға ғана кесілетін. Идеологиясы осылай болғанымен, іс жүзінде қалай болғаны беймәлім.Сэппуку жаза ретінде тек қана самурайлардың ерекше сослвиесіне кіретін адамдарға қолданғаны дәйек, бірақ ешуақытта самурайларға қарағанда төменгі сословиеге қолданбаған. Сэппуку сёгунатаның Токугава кезеңінде ресми қолдана басталды. Бірақ өзін-өзі өлтірудің бұл түрі, оның жеке қолдану жүйесінде, халық арасында кең танымал болды,тіпті манияға айнала бастады. Оның сылтауы тіпті елеусіз себептерде бола бастады. Мэйдзидің қалпына келтіруінен кейін мемлекеттік құрылысты еуропалық үлгіде ұйымдастыру және жаңа идеялардың қысымымен өмір қалыптасуы өзгерді. Сондықтан сэппуку ресми түрде тоқтатылды,сонымен бірге жеке қолдану жүйесі де шығарыла бастады,бірақ толық жойылған жоқ. Сэппуку қолдануы XX ғасырда да кездесті (мысалы, 1970 жылы жапон жазушысы Юкио Мисимның өзін-өзі өлтіруі), және әрбір осындай жағдайлар халықтың жасырын құптауына ие болады, сэппуку қолданған адамның дәрежесі биіктеп, даңқы мен айбыны шарықтай бастады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]http://kyushu.com/gleaner/editorspick/seppuku.shtml Мұрағатталған 15 қыркүйектің 2008 жылы.
http://www.win.net/ratsnest/archive-articles21/fog0000000384.html