Мазмұнға өту

Фрэнк Гери

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Фрэнк Гери

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фрэнк Оуэн Гери (ағылшын. Frank Owen Gehry, шын есімі Эфраим Оуэн Гольдберг, англ. Ephraim Owen Goldberg; туыл. 28 ақпан 1929, Торонто) - қазіргі таңның танымал сәулетшілерінің бірі, архитектуралық деконструктивизмнің негізін құраған. 1989 жылғы Притцеровтық премияға ие болған.

Фрэнк Оуэн Гери Польшада 1929 жылы туылды. Атасы құрылыс материалдарымен сауда жасаса, әкесі автоматтар дүкенін басқарған. Жас Фрэнк антисемитизмнің кесірінде соққыға жығылып, тегін ауыстырып, Америкаға отбасысымен көшіп барады. 17 жасынан бастап, Лос-Анджелесте тұрады. Басында Оңтүстік Калифорния Университетінде оқиды, кейін Гарвард университетінде оқуын аяқтайды. АҚШ-тың атақты сәулетшілерінің жобаларына ат салысып, кей уақыт Франция сәулетшілерімен жұмыс атқарады. 1962 жылы АҚШ-қа қайтып, Лос-Анджелесте өз бюросын ашады. 2014 жылы бұл бюро әлемнің ең атақты сәулет фирмаларының бірі атанады. мұнда 200-ден астам сәулетшілер жұмыс атқарады. 1950-60 жылдары Фрэнк Оуэн Гери Фрэнк Ллойд Райттың көмекшісі болады. 1978 жылы постмодернизмге бас бұрып, 1920 жылы салынған үйін қайта тұрғызады.

Архитектура

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Деконструктивизм архитектурасының ең озық үлгілері гериге тиесілі — Миннеаполистегі Фредерик Вейсманның музейі (1993), Прагадағы "билеген үй" (1995), Гуггенхейма в Бильбаодағы Гуггенхейм музейі (1997), Лос-Анджелестегі Уалт Диснейдің атындағы концерт залы (2003). 2007 жылы Массачусетский технологиялық университет Гериге қарсы арыз жазды, $315 млн тұратын корпусының жобасы дұрыс емес. Университет қызметкерлерінің айтуы бойынша "3 жыл ішінде ғимараттың жоғарысынан су ағып, дұрыс жасалмаған жұмыстар адамдарға қауіп төндіреді". Оның көп жобалары демонструктивизмнің иллюстрациялары болып табылады. Гери эстетикалық тұрғыдан ерекше жобалар дайындайды. Фрэнка Геридің жұмыстары геометриялық мүсіндік болып шығады және бұл Геридің өзіндік композициясына жатады. Қызметтестерінің айтуы бойынша, мұнда белгілі бір қауіп бар. Оның деконструктивизмі — бұл деструктивизм: ыдырайтын көлемдер, дөрекі, құлдыраңқы жасалған жобаның жоғарғы бөлігі, дәстүрлі архитектуралық құралдардың қолданылуы.

Қызықты ақпарат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

-Гери хоккей ойынының жанкүйері. Оның айтуымен арнайы хоккейге арналған кубок жасалып, бұл спорт бойынша әлем чемпионы атанған топқа берілді. -2005 жылы "Симпсоны" мультсериалының бір бөлімінде Фрэнк Гери өзі өзінің даусын жазды. Осы әрекет арқасында, ол дауыс жазуға шақырылған ең алғаш архитектор аталды.

[1]

  1. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D1%80%D1%8D%D0%BD%D0%BA_%D0%93%D0%B5%D1%80%D0%B8 Гэри Фрэнк. Электронная еврейская энциклопедия