Бұл Нидерландтың «De Telegraaf» газетінің қызметкері Антоном Виткамптың идеясынан туындаған матч еді, "Еуропаның ең мықты клубын" анықтау мақсатындағы қызығушылықтан туған осы идеяға "Аякс" тарапы да, "Рейнджерс" тарапы да қарсы болмады, бірақ УЕФА президенті Артемио Франки тарапынан қолдаутаба қоймады. Дегенмен матч бәрібір ойналды, матч шығынын жоғарыда аталған газет редакциясы көтерді.
Матчты УЕФА тарапы ресми түрде мойындамаса да, бәрібір тарихқа УЕФА Суперкубогының тұңғыш белдесуі ретінде жазылып қалды.