Мазмұнға өту

Тұздар (химия)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Тұз бетінен бағытталды)

Тұздархимиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар.[1]

Тұздар ерте заманнан белгілі. 1812 жылы Я.Берцелиус тұздардың электрхимиялық теориясын құрды. Электролиттік диссоциациялану теориясы шыққаннан кейін, тұздардың суда ерігенде металл атомдары катиондарын және қышқыл қалдығы аниондарын түзетін күрделі заттар екені анықталды. Мысалы, NaNO3Na+1+NO31. [2]

Тұздардың формулаларын құру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұздарды бинарлы косылыстарға балап, металл мен қышқыл қалдықтарының валенттіліктерін олардың таңбаларының үстіне жазамыз да, валенттілік бойынша формула құру алгоритмін пайдаланамыз.

Натрий сульфатының формуласын құрумен танысайық:

NaSO4
  1. валенттіліктерінің ең кіші ортақ еселігін табу.
  2. ортақ еселікті әр топтың валенттілігіне бөліп, индекс етіп жазу:
2:1 = 2 (Na); 2 : 2 = 1 (S04).

сонда тұздың формуласы Na2S04. Ал натрийдің осы қышқылмен түзген екінші тұзында Na HS04 натрий мен қышқыл калдығының валенттіліктері өзара тең болғандыктан (I), тұздың формуласы NaHS04 күйінде қалады.

Тұздардың түрлерi

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұздар орта, қышқыл, негіздік, қос және кешенді болып бөлінеді.

Тұздар көбіне халықаралық номенклатура бойынша аталады. Тұздар суда ерігенде иондарға ыдырап, ерітінділері электр тогын өткізеді.

Гидролиз тұрғысынан тұздар 4 топқа жіктеледі:

  1. күшті негіз бен күшті қышқылдан;
  2. күшті қышқыл мен әлсіз негізден;
  3. әлсіз негіз бен күшті қышқылдан;
  4. әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген.

Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздардан [KCl, NaCl, Ca(NO3)2] басқасы гидролизденеді. Тұздар қышқылдармен, сілтілермен және өзара ион алмасу реакцияларына түседі, металдармен әрекеттеседі. Тұздарды алудың 10-нан аса жолы бар. Тұздар табиғатта кең таралған. Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады.

Тұздардың химиялық қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұздар негізінен катты заттар, олардың суда ерігіштігі арнайы кестеде беріледі (химия кабинетінде ілініп тұрады) және «ерігіштік кестесі» деп аталады. Онда суда еритін заттар «е», аз еритіндері - «а.е», ерімейтіндері - «ем», суда тұрақсыздары сызықшаман (-) белгіленген. Тұздардың ішінде нитраттар жақсы ериді, ал барий сульфаты, кальций карбонаты, күміс хлориді, қорғасын (II) сульфиді т. т. іс жүзінде ерімейді. Калий мен натрийдің барлық түздары суда ерімтал келеді.

Тұздардың металдар мен әрекеттесуі белсенді металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының құрамынан ығыстырып, орын басу реакциясы жүреді, нәтижесінде жаңа тұз бен бос күйіндегі металл алынады. Мысалы, сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған темір шеге салсақ, оның беті біраздан кейін қызыл мыспен қапталады:

CuSO4+Fe=FeSO4+Cu

Бұл типті реакциялардың сұлбасы мынадай:

тұз + металл (белсенді) = тұз (жаңа) + металл (белсенділігі төмен)

Осы реакция кері бағытта жүре ме? Жоқ, жүрмейді, себебі мыс металдардың белсенділік қатарында сутектен кейін тұр. Мұндай типті реакциялар жүру үшін мына шарттар орындалуы керек.

  1. Белсенділік қатарында бұрын тұрған металл өзінен кейін тұрған металдарды олардың тұздарынан ығыстырады.
  2. Реакцияға алынған және түзілген тұз ерімтал болу керек, егер түзілген тұз ерімейтін болса, тұз металл бетін қаптап қалады да, реакция жүрмейді.

Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сынауыққа мәрмәр түйірлерін салып, үстіне тұз қышқылын құйсақ, төмендегі реакция жүреді, нәтижесінде газ бөлінеді:

СаС03+2НСl=СаСl22С03
Н2С0320+С02↑ (реакцияның жүру белгісі)
2NaCl+H2S04=Na2S04+2HCl↑

Жалпы сұлбаны былай беруге болады:

тұз + қышқыл = тұз (жаңа) + қышқыл (жаңа)

Реакция типі - алмасу, мұндай реакциялардың жүру шарттары:

Реакцияға қатысқан қышқыл реакция нәтижесінде түзілетін қышқылдан күшті және тұрақты болу керек.

Тұздардың өзара әрекеттесуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сынауыққа барий хлоридінің ерітіндісін құйып, оған натрий сульфатының ерітіндісін коссақ, ақ түсті тұнба пайда болады, ол мына реакцияның жүргендігінен:

BaCl2+Na2S04=BaS04↓+2NaCl
NaCl+AgN03=AgCl↓+NaN03

Реакция типі - алмасу, мұндай реакциялардың жүру шарттары мынадай:

  1. Реакцияға қатысатын тұздардың екеуі де ерімтал болуы керек.
  2. Түзілген тұздардың біреуі тұнбаға ( ↓ ) түсуі керек.

Сұлбасы мынадай:

тұз + тұз = тұз (жаңа) + тұз ↓(жаңа)

Тұздардың металдармен әрекеттесуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тәжірибені қарастыратын болсақ . Мыс хлоридінің көгілдір ерітіндісіне темір шегені батырса , біраз уақыт өткенде ерітіндінің түсі жасылданып, шегенің бетіне қызыл сары мыс қонғаны байқалады.Белсендірек темір мысты тұзынан ығыстырып шығарады:

Fe=CuCl2=FeCl2+Cu

Әрбір металлдың басқа металдарды оның тұздарынан ығыстырып шығаруы, металдардың кернеу қатарына тікелей байланысты. Бұл былай өрнектеледі:

Металл+тұз+жаңа тұз+бос металл

Мысалы: Zn+Cu(NO3)2=Zn(NO3)2+Cu

Тұздар гидролизі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұздардың гидролизі - тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар.[3]

Тұздар түзілу табиғатына қарай мынадай топқа бөлінеді:
I. Күшті негіз бен күшті қышқылдан KCl, K2S04, NaN03, NaCl;
ІІ. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан Na2S, Na2C03, K2S03, Na3P04;
ІІІ. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан Al2(S04)3, FeS04, ZnCl2.

I.Натрий хлориді (NaCl) — NaOH күшті негіз (к.н.) және HCl күштіқышқыл (к.қ.) әрекеттескенде түзілетін тұз.
NaCl --> Na+ + CI-
НОН --> Н+ + ОН-
Диссоциация нәтижесінде пайда болған әр аттас иондар электростатикалық күштердің әсерінен тартылады. Сонда түзілген электролиттер күшті болғандықтан (NaOH, HCl) құрамдас бөліктеріне толық диссоциацияланады, сондықтан су иондарының концентрациялары өзгермейді .

Сондықтан күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды, оның ортасы бейтарап болады.

IІ.Натрий карбонаты Na2CO3 - NaOH күшті негіз (к.н.) бен әлсіз көмір (Н2СО3) қышқылы (ө. к.) әрекеттескенде түзілген тұз.
Na2CO3 --> 2Na+ + CO32-
НОН --> Н+ + OH-


Натрий карбонаты суда ерігенде түзілген С032- ионының сумен әрекеттесуі әлсіз электролит ионы НСО3- және ОН ионын береді. Олай болса орта негіздік, себебі түзілген натрий гидроксиді (NaOH) толық диссоциацияланады.

Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы гидролизденгенде тұз құрамындағы қышқыл қалдық анионы су құрамынан сутек катионын қосып алып, ерітіндіге гидроксид ионы босап шығады, сондықтан орта негіздік (сілтілік) болады.

Гидролиздену реакциясының молекулалық теңдеуі: Na2C03 + НОН = NaHC03 + NaOH

IІI.Алюминий хлориді АlСl3 - Аl(ОН)3 әлсіз негіз (ө.н.) бен HCl күшті кышқыл (к.қ.) әрекеттескенде түзілген тұз.
АlСl ->3 Аl3+ + 3Cl-
НОН -> Н+ + ОН-

АlСl3 ерігенде түзілген Аl3+ иондары судың ОН- иондарымен бірігіп (Аl0Н)2+ ионын түзеді, сутек ионы ерітіндіде қалады, ал түзілген қышқыл иондалады.

Тұздардың гидролизге ұшырауы және олардың судағы ерітіндісіндегі ортасы тұздың құрамындағы иондардың қасиеттеріне тәуелді. Гидролизге тек ерімтал тұздар ғана түседі, гидролиз қайтымды үдеріс.
Бейтараптану реакциясы тек күшті қышқыл мен күшті негіздің әрекеттесу реакциясы, яғни осы жағдайда ғана С(Н+) = С(ОН-) орындалып, орта бейтарап болады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. –Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN9965-34-887
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
  3. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7
  4. Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2009. - 288 бет. ISBN 9965-34-929-0