Түймедағы
Түймедағы | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||||||
Matricaria recutita L. | ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
20 түрі белгілі |
Түймедақ (лат. Matricaria) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда Алтайда, Жетісу(Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларының көбінесе ашық жерлерінде өсетін 2 түрі: дәрілік түймедағы (М. recutіta) және кәдімгі түймедағы (М. matrіcarіoіdes) бар. Олардың биіктігі 10 – 35 см. Сабағы бұтақты. Жапырақтары қауырсын тәрізді үш қайтара тілімделген, кезектесіп орналасқан. Гүлі ақ, гүлтозаңы сары түсті, себет гүлшоғырына топталып, дара гүлдері сабақтың ұшында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – дәнек. Түймедағы гүлшоғырының құрамында эфир майы (0,5 – 0,12%), терпен, спирт, органикалық қышқылдар, дәрумендер, т.б. заттар бар. Түймедағы – дәрілік өсімдік, оны қабынғанға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерді тыныштандыратын дәрі ретінде және клизма жасауға қолданылады. Іш өткенде, ішек түйнегенде ішеді. Сондай-ақ оның антисептик қасиеті де бар. Парфюмерияда, шарап өндірісінде пайдаланылады, гүлінен сары түсті бояу алынады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”,8 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |