Мазмұнға өту

Тушь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тушь(фр. Tusche епсrе de Сhiпе) - сұйық, жұғымды қара бояу. Басқа бояуларға қарағанда көпке дейін өңін өзгертпейді; су қосу арқылы сұр рең алуға болады. Тушь сызуға, сурет салу, көркем жазуға өте қолайлы. Тушьпен сурет салуда қаламұш, қылқалам қолданылады. Бояудың бұл түрі Ежелгі Қытай кескіндемесінде, кейіннен Корея мен Жапония, Орта Азия, 15 - 17 ғасырда Еуропа бейнелеу өнерінде кең етек алды. Түрлі тұнбалардан (газдан немесе ағаш, мұнай өртеңінен) өндіріледі. Тас көмір бояғыштарынан түрлі-түсті Тушь та алынады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8