Мазмұнға өту

Триумф

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Триумф (лат. triumphus) — 1) ежелгі римде дұшпанмен шешуші соғыста зор жеңіске жеткен қолбасшыға көрсетілетін жоғары құрмет. Төрт ақбоз ат жегілген арбаға мініп, әскерін бастап, салтанатпен астанаға (Римге) кірген қолбасшыны қошаметтеп қарсы алу. Салтанат иесінің алдында соғыста түскен олжалар мен қолаяғы кісендеулі тұтқындарды алып жүретін болған. Мұндай салтанат, әрі салтанатты қарсы алу сенат қаулысымен жасалған және ол қолбасшыға жасалған ең жоғарғы сый болып саналған. 2) Аса зор жеңіс, тамаша жетістік, салтанат.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл