Триптих

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Триптих (гр. trіptychos – үш қаттау, үш қаттап қою) – бейнелеу өнерінде жалпы тақырыбы, сюжеті немесе композициясы бойынша біріктірілген үш картина, рельеф я болмаса сурет туындысы. Триптихтің ортаңғы бөлігі композициясы мен көлемі жағынан мәнділеу болып ерекшеленеді. Батыс еуропалық өнерде алтарь деп аталатын Триптих 14 – 16 ғасырларда кең өріс алды. 20 ғасырдағы Қазақстан суретшілері шығармасыннда да (М.Кенбаев, “Сабан той” тұс киіз Триптих, 1960; Т.Тоғысбаев, “Соғыс триптихы”, 1968; Ә.Сыдыханов, “1916 жыл”, 1969; А.Г. Школьный, “Дала балладасы”, 1970; қаласыТелжанов, “Бозаралдықтар”, 1972; Ә.Иса, “Мұқам”, 1996; т.б.) Триптих бой көрсетті.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том