Мазмұнға өту

Тоқтақия хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тоқтақия хан
Лауазымы
Ақ Орданың 10-шы ханы
1377 — 1377
Ізашары Ұрыс хан
Ізбасары Темірмәлік хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 1377 (1377)
Династия Ордаежендіктер
Әкесі Ұрыс хан

Тоқтақия хан— 1377 жылы билік еткен Ақ Орданың ханы. Тоқтақия — Ұрыс ханның екінші ұлы. Ұрыс ханның Алтын Орда мен Ақ Орданың ханы болғаны белгілі. 1376 жылы Ұрыс ханның үлкен ұлы Құтлық Бұға Тоқтамыспен шайқаста қаза болғаннан кейін, одан кейінгі жас жағынан үлкен болғандықтан таққа отырды. Ұрыс ханның Тоқтамысқа қарсы жіберген әскерлерге басшылық жасап, оны тас-талқан еткен. Ұрыс хан мен Әмір Темірдің арасындағы шиеленіс 1376 жылға дейін жалғасты. Алайда Ұрыс хан аяқастынан қайтыс болып, Темірлан жағдайды бағамдап, Тоқтамысты барлығын өзі-ақ тындырады деп шешті. Тоқтақия таққа отырса да, көп ұзамай екі ай өткен соң дүниеден өтті. Таққа Ұрыс ханның тағы бір ұлы Темірмәлік отырды.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]