Тофа тілі
Тофа тілі (тофаша тоъфа дыл) — тофа халқының тілі, түркі тілдеріне жатады. Ресейдің Үркіт облысының оңтүстік-батысында таралған. Тофа тілінде 378 адам сөйлейді (2002, санақ). Жазуы кириллицаға негізделген. Н.А.Баскаковтың жіктемесі бойынша түрік тілдерінің ұйғыр-оғыз тобына жатады. Н.А.Баскаков осы топқа орхон-енисей түріктері мен ұйғырлардың көне тілдерімен қатар, тыва тілін де жатқызады. Тофалар өздерін - тоъфа, ал 1930 жылдарға дейін оларды қарағастар деп атап келген. Бұл атау тофалардың бір руының (қара-һааш) өзгеріске ұшыраған атауынан шыққандығы жөнінде М.А.Кастрен және В.В.Радлов жазған.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
|
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|