Тонопласт
Тонопласт (грекше tonos – кернеу және plastos – жасалған) – тек өсімдік жасушаларына тән вакуоль қуысын шектеп тұратын биологиялық мембрана. Дамып жетілген жасушада вакуоль жасуша көлемінің 90%-ын алып жатады. Онда суда еріген органик. және минералды заттар шоғырланады. Сонымен қатар жасушадағы метаболизм процесінде түзілген метаболиттік қалдықтар жиналады. Тонопласт барлық биол. мембраналар секілді билипидті, липопротеидті құрылым болып саналады. Ол заттарды вакуольден цитоплазмаға немесе кері бағытта сұрыптай өткізгіш қызметін атқарады. Тонопласт көптеген гидролиздегіш ферменттермен және заттарды тасымалдағыш белоктармен жабдықталған. Ферменттердің күрделі полимерлі қосылыстарды бөлшектей ыдырататын қабілеті болады. Протопласт (сыртқы қабығынан аршылған жасуша) арқылы тазаланып алынған Тонопластта аденозинүшфосфор қышқылы (натфаза) ферментінің белсенділігі анықталған. Бұл фермент цитоплазмадағы протондарды вакуольге тасымалдап, ондағы рН деңгейін қалыпты межеде сақтап, реттеуге қатынасатындығы анықталды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |