Таңшымшық
Таңшымшық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
European robin in Lancashire, UK.
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Erithacus rubecula (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Summer Resident Winter | ||||||||||||||
Subspecies | ||||||||||||||
7-10, see text. |
Таңшымшық (лат. Erithacus rubecula) — кішкене денелі қоңырқай зәйтүн түстес құс. Тамағы, жемсауы және төсі - ашық ақшыл қызғылтсары; тек қана бауырының ортасы - ақ. Боянған келбеті аздап кіші шыбыншыны еске түсіреді, алайда ұзын сирағы және басқа қимылдарымен одан ерекшеленеді.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда бұл солтүстік ылғалды орман тұрғыны қыстауда - Тәңіртаудың солтүстік беткейінің тау етегіне дейін өте көп кездеседі, ал тек қана бір орында - Жайық өзенінің аңғарында ұялайды. Қыста көбінесе суы қатпайтын өзендер мен бұлақтардың маңындағы бұталарда болады. Олар әсіресе қалың өскен шырғанақты, оның жидектерін ұнатады, жылдың осы кезеңінде шырғанақтың жидектерін жейді. Қарашада қыстауға ұшып келеді де, сәуірде ұшып кетеді.
Биологиялық сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұялау орындарында жайылмалы орманның ылғалды үлескілерінде төменгі қабатта орын тебеді, алайда аталықтар сайрау үшін ағаштың ұшар басына жоғарылайды. Таңшымшықтың әуені өзіне тән дірілдете құбылған өте үнді және әдемі болып келеді. Аталықтар әсіресе таң алдында (бәлкім құс атауы осыған орай қойылуы мүмкін) және күн батар кезде белсенді сайрайды, ал нағыз күйттік кезеңде түнде де сайрай береді. Құйрығын көтеріп және қанатын түсіріп, секеңдеп жүріп, қорегін жерден табады. Бұл кезде ол ұдайы «тэк... тэк» деген өзіне тән шақыру үнін шығарады.
- ↑ BirdLife International Erithacus rubecula. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.