Тауқұм (құм, Жамбыл ауданы)
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Тауқұм | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 200 км |
Ені | 60 км |
Ауданы | 8300 км² |
Орналасуы | |
44°36′20″ с. е. 74°58′51″ ш. б. / 44.60556° с. е. 74.98083° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°36′20″ с. е. 74°58′51″ ш. б. / 44.60556° с. е. 74.98083° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы |
Орналасуы | Шу-Іле таулары мен Іле өзенінің төменгі бөлігі аралығы. |
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). |
Тауқұм – Шу-Іле таулары мен Іле өзенінің төменгі бөлігі аралығындағы құмды алқап.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алматы облысы Жамбыл ауданы жерінде. Батысы Балқаш көлінің жағалық ойпатына, оңтүстігі Күрті өзеніне тіреледі.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аумағы 8300 км2, ұзындығы 200 км, ені 60 км. Тауқұм Мойынқұм, Сарытауқұм, Қорғанқұм атты бірнеше шағын құмдардан тұрады. Оңтүстігінде Жусандала даласы, Бозой және Қараой үстірттері жатыр.
Өсімдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құм жүзгін, сексеуілді аласа бұталар, жусан, еркекшөп, изен өсімдіктерімен жақсы бекіген. Іле және оның тармақтарын бойлай қамыс, тал, тораңғы, шеңгел, жиде, т.б. өседі. Тұщы грунт суы оңтүстік-шығыста 60 м, солтүстік-батыста 2-10 м тереңдікте кездеседі. Күздік жайылым ретінде пайдаланылады.[1]