Мазмұнға өту

Суық полюс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Суық полюсЖер шарындағы ауаның ең төмен температурасы қалыптасатын аймақ. Суық полюс Солтстік жарты шарда Саха Республикасындағы Оймякон және Жоғарғы Яна аудандарында (–68С) және Гренландияның мұздық қалқандары (–70С) мен Аляска, Канаданың солтүстік-батысында (–64С) орналасқан. Оңтүстік жарты шарда суық полюс Шығыс Антарктиданың 3500 м биіктіктегі бөлігінде байқалады. 1983 жылы “Восток” станцияда Жер бетіндегі ауа температурасының ең төмен көрсеткіші –89,2С тіркелді; мұндағы жылдық орташа температура (–56С).

[1]

Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы"