Сулавеси

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сулавеси
индон. Sulawesi
Сипаттамасы
Ауданы174 600 км²
Ең биік нүктесі3478 м
Тұрғындар (2007 жыл)16 475 600 адам
Халық тығыздығы94,362 адам/км²
Орналасуы
2°08′ о. е. 120°17′ ш. б. / 2.133° о. е. 120.283° ш. б. / -2.133; 120.283 (G) (O) (Я)Координаттар: 2°08′ о. е. 120°17′ ш. б. / 2.133° о. е. 120.283° ш. б. / -2.133; 120.283 (G) (O) (Я) (T)
Ел Индонезия
Сулавеси (Индонезия)
Сулавеси
Сулавеси Ортаққорда

Сулавеси (индон. Sulawesi), Целебес (порт. Celebes) — Малайя топаралы, Үлкен Зонд аралдар тобының шығысындағы арал; Индонезия құрамында.

Ауданы 179,4 мың км2 (маңындағы ұсақ аралдармен қоса 189 мың км2). Арал орталығы бөлігінен жан-жаққа қарай 4 ұзын түбекке тілімделген; түбектер арасын Томини, Боне, Толо терең шығанақтары бөліп тұрады. Жер бедері тік беткейлі, төбесі тегіс жоталардан тұрады; ең биік жері Рантекомбола тауы (3455 м). Әрекетті жанартаулары: Клабат (1995 м), Сопутан (1661 м). Климаты экваторлық, орташа айлық темп-расы 25 – 27С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 2000 мм, оңтүстігінде 4000 мм.

Ылғал аздау бөліктерінде биік шөптері басым өскен саванна, 1500 м биіктікке дейін ылғалды экваторлық ормандар (пальма, сандал, тик, лианалар, бамбук, т.б. өседі), одан жоғарыда жалпақ және қылқан жапырақты ормандар таралған. Жануарлардан үнді-малайялық өкілдер басым: бабирусса, аноа, айдарлы макака, австралиялық түрлерден жұмақ құсы, какаду, балсорғыш құстар, т.б. кездеседі. Темір, никель, алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, көмір, мұнай кен орындары бар. Кокос пальмасы, кофе, қант құрағы, күріш, темекі, мақта, каучук ағашы өсіріледі.

Негізгі порттары: Уджунгпанданг (Макасар), Манадо.