Сплайсинг
Сплайсинг — мРНҚ-ң жетілген түрінің жасалуы. Ол иРНҚ-ның алғашқы транскриптынан белгілі гендермен кодталған белок түзілуі туралы мәлімет әкелетін участогін (интрондарды) алып тастағанда пайда болады. Бұл жұмысқа екі класты ферменттер—рестриктазалар және лигазалар қатынасады. Рестриктазалар РНҚ алғашқы көшірмелерін кеседі, аллигазалар қалған кесінділерді (экзондарды) бір-біріне жалғайды, сөйтіп РНҚ-ның жетілген түрі пайда болады.[1]
Сплайсинг процесінің механизмі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ядродағы РНҚ-лар сплайсигті жүргізетін ферменттерге көмектесіп, коферменттер қызметін атқарады. Осы кофермент қызметін атқаратын РНҚ-лар экзондардың ұшын ұстап тұрады. Бұдан кейін фермент интронды тастап, экзондарды бір-бірімен жалғайды. Осы кезде аРНҚ ешбір ферменттің көмегінсіз өзіне-өзі сплайсинг жүргізе алатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденді. Мысалы, ол үшін аРНҚ-ның генін бактерия плазмидасының құрамына, ал плазмианы бактерия жасушасына енгізген. Нәтижесінде бактерия жасушасында ешбір ферменттер болмаса да, аРНҚ өздігінен сплайсинг жүргізген. Бұдан біз РНҚ-ның ферменттік те қасиет көрсететінін білеміз.Осындай өзіне-өзі ферменттік катализ жүргізетін аРНҚ рибозим деп аталады. Рибо-РНҚ, ал зим-фермент дегенді білдіреді.Ж[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
- ↑ алпы биология 10 сынып ISBN 978-601-293-067-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|