Сары дене
Сары дене (corpus luteum) (corpus luteum, лат. corpus — дене, luteum — сары) — аналық жыныс безі — жұмыртқалықтың аналық жыныс гормонын бөлетін эн- докринді бөлігі.
Көпіршікті (үшіншілік) фолликул жарылғаннан кейін, оның орнында цитоплазмасында сары пигмент лютеин жинақталған жасушалар — лютеоциттерден тұратын сары дене жетіледі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Лютеоциттер жұмыртқалықтағы аналық жыныс жасушаларының да- муын (овогенез) тоқтататын, жатыр қабырғасындағы бездердің жұмысын күшейтетін прогестерон гормонын бөледі.
Ұрықтану нәтижесінде пайда болған ұрық, алғашқы тәуліктерде жатыр безі бөлетін сөл құрамындағы қоректік заттармен қоректенеді. Прогестеронның әсерінен жатырдың қабырғасы буаздықтың соңына дейін босаңсып тұрады. іштастау болмайды. Буаздыққа байланысты жетілген сары денені буаздық сары денесі, ал овуляциядан кейін жетіліп, ұрықтану процесі жүрмегеннен соң, кейіннен кері ыдырап кететін сары денені жыныстық айналым сары дене деп атайды.
Организмдегі кейбір патологиялық процестерден кейін, ұрық пайда болмай-ақ, ыдырамай тұрақты түрде прогестерон бөліп тұратын сары денені бедеулік сары денесі деп атайды. Бұндай жағдайда аналық жануар тұрақты күйлеп тұрды, бірақ прогестерон гормонының әсерінен аналық жыныс жасушасы пісіп жетілмейді. Сондықтан, бұндай организмде ұрықтану процесі жүрмейді.[1]
Сары дене - сүтқоректі жануарлардың ұрғашыларынын аналық жыныс бездерінде уақытша пайда болып, арнайы гормон, (прогестерон) бөліп шығаратын без. Гипофиздің лютеиндік гармоны әсерінен фолликула орнында пайда болатын, көп қабатты, өзгерген фолликулярлық жасушалар. Онда қылтамырлар өсіп, қанмен камтамасыз етілген. Дорбалы жануарларда буаздық мерзімінде пайда болып, баласын толық өсіргенше сақталады. Буаз әйелдерде 6 айдан соң жойылады. С.д. гонотрофикалық циклы бар жәндіктерда, мысалға қан сорғыш масаларда да пайда болады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |