Мазмұнға өту

Роетозавр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Роетозавр
Роетозавр

Роетозавр — шамамен 181 - 175 миллион жыл бұрын орта Юра кезеңінде өмір сүрген зауропод динозавр. Оның мойыны ұзын, басы – төртбұрышты, денесі — ірі. Сүйектері Австралияның Квинсленд деген жерінен табылған. Динозаврдың Орта Юра кезеңінде өмір сүрген роетозавр — брауней деп аталатын түрінің қаңқасы Австралия жерінен толықтай қазылған әрі әлемдегі ең ежелгі, бірегей зауропод. Оның артқы аяқтары, жамбас сүйектері, 28 құйрық омыртқасы, 7 кеуде омыртқасы, қабырғасының кейбір бөліктері және екі мойын омыртқасы қазылды.

Қызықты дерек

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Роетозавр 1924 жылы Австралия елі, Квинслендтегі Рома қаласының Дурхам Даунс стансасының жанынан табылған.
  • Оны 1924 жылы Австралиядағы Квинсленд маңайынан ғалым Хебер Лонгман тапқан.
  • Бұл динозаврдың аяқтары пілдікіне ұқсаған.

Мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қорегі : өсімдіктер
  • Салмағы : 12 тонна
  • Тұқымдас : Цетиозаврид
  • Отряд тармағы : Зауроподоморф [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы