Постструктурализм
Постструктурализм — структурализмнің екінші толқыны, структурализмді сынаумен байланысты және оның алдыңғы шектеушіліктерінен арылуға бағытталған ағым. Постструктурализмнің өкілдері — Ж. Деррида, Делез, Бодрийар, Лиотар, Ю. Кристева, М. Фуко т.б. Постструктурализм басты міндеттерінің бірі — логоорталықтық метафизиканы сынау және мәдениеттегі тіл билігін және билік тілін айқындау. Деррида метафизиканы деконструкция арқылы, яғни мәтіндегі жүйеден тыс, маргиналдық әлементтердің маңыздылығын көрсету арқылы жеңуге болады деп санайды. Ғылыми айналымға, осыған дейін тек тұрмыстық тілде қолданылған, сөздер мен ұғымдар енгізіледі, бірақ оларға бұрынғы мән-мағынаны толықтыратын және шектейтін жаңа мазмұн беріледі. Мәтін интерпретациясы — бұл мәтінге тікелей қатысы жоқ нәрсені түсіну. Постструктурализм үшін адамды сипаттайтын негізгі категория тілек болып табылады. Ол адамның басқамен қарым-қатынасқа түсуге деген ынтасын айқындайтын әмбебап бітім. Ол индивидуальды және ұжымдық іс-қимылдық барлық бітімін, әлеуметтік және мәдени шындық бітімдерін анықтайды. Постструктурализм қоғам мен мәдениет — «билік — бағыну» қарым-қатынасының жаппай көрініс табатын орны ретінде көрініс табады. Билік өзін адамдық қарым-қатынастардың барлық деңгейінде — саяси доктринадан қарапайым қарым-қатынасқа дейінгі аралықта жүзеге асырады. Сондықтан постструктурализм биліктің іске асу тәсілдерін анықтап, оған көптілікті, бірегейлікті және ыңыраңқылықты қарама-қарсы қоюды өз міндеті деп таниды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |