Поляк көтерілісі (1863)
Поляк көтерілісі (1863) | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
Belligerents | |||||||
Ресей империясы | |||||||
Commanders and leaders | |||||||
Стефан Бобровский | Людвик Мерославский | ||||||
Strength | |||||||
200,000 шамасында |
Поляк көтерілісі (1863-64 жж.), 1863 жылғы қантар көтерілісі - Поляк корольдігінің, Литваны, ішінара Беларусьны, Оң жағалаудағы Украинаны қамтыған көтеріліс.
Көтерілістің шығуына негізінен феодалдық құрылыстың дағдарысқа ұшырау және Польшада ұлттық тәуелсіздікті қалпына келтіру таалабы себеп болды. Көтеріліске 1862 ж. жазынан бастап орталық ұлттық комитет (ОҰҚ) басшылық етті.[1][2]
Польшадағы орыс офицерлерінің комитеті көтерілісті даярлауға тікелей қатысты. 1863 ж. қантардың 22-нен 23-не қараған түні корольдіктің бірсыпыра жерінде патша әскерлеріне шабуыл жасалды. 1863-64 жж. Ақпан-тамыз айларында көтеріліс Литваға, Беларусьға, оң жағалауағы Украинаға тарады. Бірақ Беларусь (Гродно аймағынан басқа) мен Украинада көтерілісті бұқара халық қолдамады, көп кешікпей көтеріліс жаншылды.[3]
Корольдіктің оңтүстік аймақтары мен Литвада көтеріліс 1864 ж. мамыр айы қарсаңында басылды. Бірақ патша үкіметі Поляк корольдігінде көтерілісшілер жүзеге асырған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді 1864 жылғы шаруалар реформасымен заңдастыруға және Литвада, Беларусьда, Оң жағалаудағы Украинада 1861 ж. шаруаларға неғұрлым тиімді жағдайда реформа жүргізуге мәжбүр болды.[4]