Мазмұнға өту

Полип

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
корал полиптері

Полип (көне грекше: polypous):

  1. медицинада — қатерсіз ісік. Полип көбінесе, ішек-қарын, жатырда, мұрын қуыстарында, т.б. органдардың кілегей қабықтарының қабынуынан өседі. Көлемі әр түрлі (0,5 см-ден 3,5 см-ге дейін). Полиптің санына, органдарда орналасқан жеріне, көлеміне байланысты клиник. көріністері әр түрлі болады. Мысалы, мұрын қуысындағы Полиптер тыныс жолдарын тарылтады, сондықтан науқас аузымен тыныс алады. Кейбір Полиптер қабынып қанайды да, ішек-қарын, мұрын қуыстарын қанға толтырады. Полипті дер кезінде емдемесе, қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін. Полип сыртқы органдарда орналасса, оны анықтау қиынға түспейді; ішкі органдардағы (ішек-қарын, жатыр, асқазан, т.б.) Полипті анықтауда эндоск. аспаптар қолданылады. Емі: хирург. операция жасап, сылып тастау.
  1. биологияда — ішекқуыстылардың су түбіне бекіп, тіршілік ететін дарабастарының жалпы атауы. Книдарийлердің метагенетик. формаларында, яғни гидроидтар (гидрадан басқасы) мен сцифоидтардың Полиптері жыныссыз (бүршіктену, көлденең бөліну арқылы) көбейеді, өзіне ұқсас Полип немесе медуза дамиды; гомогенетик. формаларында (гидра, коралл маржандары) жынысты жолмен де, жыныссыз да (жұмыртқадан Полипке айналатын дернәсіл — планула дамиды) көбейеді. Полиптердің пішіні әдетте цилиндр тәрізді. Мөлш. бірнеше мм-ден бірнеше см-ге (кейде 1 м-ге) дейін жетеді.

Стоматологиялық термин аудармасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Полип

Полип. Қызыл иек шырышты қабығына шығатын жанындағы тканьдермен түбі байланыи жататын кішкене ісік. [1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  2. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том