Па-де-Кале (департамент)
Па-де-Кале (фр. Pas-de-Calais) — Францияның солтүстік-шығысындағы департамент, Нор-Па-де-Кале аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 62. Әкімшілік орталығы — Аррас. Халық саны 1459 мың адам (департаменттер арасында 7-ші орын, 2008 ж.).
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жер аумағы 6 671 км². Па-де-Кале департаменті Нор және Сомма департаменттерімен шектеседі.
Департаменттің басты қалалары Кале, Булонь-сюр-Мер, Аррас, Ланс, Льевен және Сент-Омер саналады.
Департамент арқылы Отье, Канш, Тернуаз, Лиан, Сансе, Скарп, Дёль, Лис өзендері ағып өтеді.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Департамент 7 округ, 77 кантон және 894 коммунаны қосады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Па-де-Кале — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Кале, Булонне, Понтьё және Артуа провинцияларының аймағында пайда болған.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Prefecture website (in French)
- Conseil Général website Мұрағатталған 3 желтоқсанның 2004 жылы. (in French)
Бұл — Франция географиясы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
|