Парсылық сальвадора
Salvadora persica | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Salvadora persica L. |
Парсылық Сальвадора (лат. Salvadora persica) — лат. Salvadora тегініӊ лат. Salvadoraceae тұқымдасына жататын бұта [1]. Ғасырлар бойы табиғи тіс щеткасы ретінде қолданылды, сондай-ақ оның талшықты бұтақтары Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен ауыз қуысы гигиенасына қолдану үшін ұсынылды[2].
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алжир, Ангола, Камерун, Чад, Мысыр, Эритрея, Эфиопия, Үндістан, Иран, Израиль, Иордания, Кения, Ливия, Малави, Мали, Мавритания, Мозамбик, Нигер, Нигерия, Оман, Пәкістан, Палестина, Сауд Арабиясы, Сенегал, Сомали, Оңтүстік Африка, Шри-Ланка, Судан, Сирия Араб Республикасы, Танзания, Уганда, Йемен, Замбия, Зимбабве елдерінде кеңінен таралған. Сондай-ақ, Намибия мемлекетінде кездеседі.
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Парсылық Сальвадора кішкентай ағаш немесе қисық діңі бар бұта, ішінен диаметрі 1 футтан асатындары сирек кездеседі. Қабығы бұдыр, әрі сызатты, ақшыл ағаштың негізгі қабатының қабығы топырақ түстес, ал ішкі қабаты қоңыр түсінен ашықтау келеді. Хош иісті, ал дәмі жұмсақ және өткір. Желтоқсан айының аяғынан қаңтарға дейін жапырақтары түседі. Жапырақтары басылғанда жіңішке сытырлайды. Пәкістан елінде бұл көне, айбынды, берік ағаштарды ағылшын мәдениетіндегі сауырағашпен байланыстырады.
Тарихы және қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Парсылық сальвадора араб елдерінде және бүткіл мұсылман әлемінде танымал тіс тазалаушы құрал. Әдетте, оны мисуак деп атайды. Мұхаммед пайғамбардың саллалаһу алейһи уассалам мисуакты қолдануға кеңес бергені жиі атап өтіледі. Хадистерде сивакты қолдануды кеңес бергені айтылады.[3]
Намибияда қуаңшылдыққа төзімді азық өсімдігі ретінде пайдаланылады. Куисеб өзенінің тұрғындары оны ешкіге жем ретінде пайдаланады. Бұл өсімдіктің дәндерінен жуғыш қасиеті бар майлар алынады. 2009 жылға қарай, Дүниежүзілік Ботаникалық Бақтардың Қорығында Парсылық Сальвадораның, жалпы алғанда, 8 бұтасы сақталуда.
Ғылыми талдау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Парсылық Сальвадораның бүйрек тастарын жоятын қасиеттері бар. Зерттеулердің нәтижесінде оның құрамында медициналық тұрғыдан көптеген пайдалы қасиеттер бар екені, соның қатарында: абразивтер, антисептиктер, тұтқыр бырыстыратын, жуғыш заттар, фермент баяулатқыштары және фторид анықталды.
Парсылық сальвадораны химиялық және фотохимиялық зерттеулер нәтижесінде, оның құрамында көмірсулар мен трителамин, алкалоид, хлоридтер, күкірт, терпендер, С дәрумені, гликозидтер, фтор мен кремнеземнің үлесі басым екені, сондай-ақ, танин, сапонин, флавоноид пен стериндердің аз бөлігі бар болғаны анықталды.[4][5]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Salvadora Persica Мұрағатталған 8 қаңтардың 2019 жылы. Food and Agriculture Organization of the United Nations. Retrieved 2009-02-16.
- Geetha K, Manavalan R, Venkappayya D.,"Control of urinary risk factors of stone formation by Salvadora persica in experimental hyperoxaluria." Exp Clin Pharmacol. 2010 Nov;32(9):623-9
- IslamKotob, Muslims and Science, (Islamic Books), p. 30.
- Akhtar, M.S.; M. Ajmal (сәуір 1981). "Significance of chewing-sticks (miswaks) in oral hygiene from a pharmacological view-point.". Journal Pakistan Medical Association 31 (4): 89–95. PMID6785501
- Ahmed, Salah; Soaad Esmaeil Essawy El-Gengaihi, Mohamed El-Sayed Ibrahim, Ewald Schnug (2008). "Preliminary phytochemical and propagation trial with Salvadora persica L." (PDF). Agriculture and Forestry Research 1/2 (58): 135–138. Retrieved 2009-02-16.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Salvadora Persica Мұрағатталған 8 қаңтардың 2019 жылы. Food and Agriculture Organization of the United Nations
- ↑ [Geetha K, Manavalan R, Venkappayya D.,"Control of urinary risk factors of stone formation by Salvadora persica in experimental hyperoxaluria." Exp Clin Pharmacol. 2010 Nov;32(9):623-9]
- ↑ [IslamKotob, Muslims and Science, (Islamic Books), p.30.]
- ↑ [Akhtar, M.S.; M. Ajmal (сәуір 1981). "Significance of chewing-sticks (miswaks) in oral hygiene from a pharmacological view-point.". Journal Pakistan Medical Association 31 (4): 89–95. PMID6785501
- ↑ [Ahmed, Salah; Soaad Esmaeil Essawy El-Gengaihi, Mohamed El-Sayed Ibrahim, Ewald Schnug (2008). "Preliminary phytochemical and propagation trial with Salvadora persica L." (PDF). Agriculture and Forestry Research 1/2 (58): 135–138. Retrieved 2009-02-16.]