Мазмұнға өту

Оқпан (құс)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Adult female in Spain
Adult female in Spain
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Pelecaniformes
Тұқымдасы: Құтандар
Тегі: Ixobrychus
Түрі: I. minutus
Екі-есімді атауы
Ixobrychus minutus
(Linnaeus, 1766)
Ixobrychus minutus

Оқпан немесе кіші әупілдек (Ixobrychus minutus) - ең кішкене денелі (биіктігі — 33— 38 см шамасында, салмағы - 150 г шама- сында) құтан.

Биологиялық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Реңі көрікті: ұя салатын кездегі аталықтың жоны - қара, бауыры - сары реңкті ақшыл түсті. Аналығында қара түс қоңырға ауысқан. Ұя төңірегіндегі қамыс сабағына немесе бұталар бұтағына оралымды өрмелеп шығады, тіпті балапандар да алғашқы айда дәл осы амалмен қозғалыс жасайды. Бөтегесіндегі және төсіндегі бойлай созылған қарама-қарсы жолақтардың арқасында, тұмсығын жоғары тік көтергенде төңірегіндегі аямеғі үйлесіп бірігіп кетеді. Салындыдағы 4-9 ақ жұмыртқаларды кезектесіп басады, алайда аналық уақытының көпшілігін ұяда өткізеді. Бұдан соң ата-енелері балапандарды қанаттанғанша ай бойы қоректендіреді. Оқпандар әр алуан су бунақденелілерін, ұлуларды, ұсақ балықтарды жейді. Сондай-ақ жұмыртқаларды, ұсақ құстардың жаңа ғана жұмыртқадан жарып шыққан балапандарын қорегіне жаратады. Негізінде іңір қараңғысында белсенді өмір сүреді.

Оқпан Қазақстанның батысында және оңтүстігінде қамыс қалың өскен, суқоймалардың жағасын бойлай өмір сүреді. Қобырсыған ұясын да қамысқа салады. Кейде ұя салуға суға батқан ағаштарды немесе бұталарды пайдаланады. Ұялау мерзімі - сәуірден бастап, қараша айы болып есептеледі.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Ixobrychus minutus. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
  2. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.