Операция (әскери іс)
Әскери істегі операция – оперативті немесе стратегиялық міндеттерді шешу үшін құрылған жоспар мен ойларды жүзеге асыру үшін Қарулы Күштер жүргізген шайқастардың, соққылардың, ұрыстардың жиынтығы. Әскери Операциялар: жалпы әскери, теңіз, әуе, әуе шабуылына қарсы, әскери-десанттық, шабуыл және қорғаныс, стратегиялық, майдандық (армиялар тобы), армиялық, флоттық, т.б. болып бөлінеді.
Әуе-десант операциясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әуе-десант операциясы – жау тылына түсірілген әуе-десант және құрлық әскерлері құрамаларының әрекеті. Ол – әскери-әуе, әскери-теңіз, құрлық әскерлері ұйымдастыратын ірі операцияның құрамды бөлігі. Оның мақсаты – жаудың стратегиялық объектілерін басып алып, майданның тылмен байланысын үзу. Жүктелген міндетіне, орындайтын мақсатына, әскер санына байланысты тактикалық, стратегиялық, оперативтік әуе-десант операциясы болып бөлінеді. Әдетте әуе-десант әскерлері ұрыс болатын ауданға, мүмкіндігінше жойып жіберуге не басып алуға белгіленген объектілер маңына түсіріледі. Олардың жау тылында жасайтын әрекеттерінің тәсілдері мен түрлері нақтылы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Алайда әуе–десант әскерлерінің негізгі әрекеті – шабуылға шығу. Ұлы Отан соғысында (1941-1945) әуе-десант әскерлеріне құрлық әскерлері келгенге дейін т.ж. тораптарын, тас жолдарды, аэродромды басып алу, не істен шығару міндеті қойылды. Кейде жеке маңызды операциялар жүргізу де жүктеледі. Соңғы кезде реактивті транспорт авиациясыныңдамуына байланысты әуе-десант операциясына зор мән беріліп отыр.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1976 ж. 3-том, 54-бет